Салауатты өмір салты
Зеренді ауданының «Сұнқар» спорт базасында Ақмола облысының судьялары мен сот жүйесінің қызметкерлері арасында өткізілетін жыл сайынғы дәстүрлі қысқы спартакиада мәресіне жетті.
Іс-шара облыстық соттың басшылығы және Судьялар одағының жергілікті филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. Спорт ойындарының ашылу салтанатында құттықтау сөз алған Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов:
– Спартакиада салауатты өмір салтын қалыптастыру, ынтымақтастық пен корпоративтік рухын дамыту және спортты насихаттау мақсатында өткізіліп отыр, – деп атап өтті.
Спартакиада спорттың шаңғы жарысы, допты хоккей түрлері және көңілді жарыстар бойынша өткізілді. Оған «Солтүстік», «Оңтүстік», «Шығыс» аудандық соттарының, Көкшетау қалалық сотының, мамандандырылған соттардың құрама командалары және департаменттің командасы қатысты.
Жарыс қорытындылары бойынша бірінші орынға мамандандырылған соттардың құрама командасы, екінші орынға Көкшетау қалалық сотының командасы, ал, үшінші орынға департаменттің командасы ие болды. Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.