«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсының ЕРЕЖЕСІ

«БЕКІТЕМІН»
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы
__________ Г.Т.Кәрімова
2025 жылғы «____»_________

 Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатысады.

  1. Байқаудың ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы болып табылады.
  2. Конкурстың мақсаты –мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақ тілді және орыс тілді басылымдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  1. «Үздік мақала»

Мерзімді баспасөз басылымында жарияланған материал болуы қажет. Номинацияда тілдік капиталды одан әрі дамытуға бағытталған материалдардың өткірлігі мен өзектілігіне мән беріледі.

  1. «Үздік телебағдарлама»

Конкурсқа телебағдарлама бейнематериалдары ұсынылады. Номинацияда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған бейнематериалдардың өткірлігі мен өзектілігіне назар аударылады.

Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

 Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2025 жылғы  І тоқсанның соңына дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

  1. Конкурсқа қатысу үшін осы Қағидада көрсетілген екі номинацияның біреуі бойынша жазбаша түрде Басқармаға 2025 жылғы 2 мамырға дейін мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) өтінім (осы ережедегі қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

2) 2024 жылғы 1 мамыр мен 2025 жылғы 1 мамыр аралығында мерзімді басылымдарда жарық көрген материалдарды, соның ішінде газеттерде және телебағдарламаларда жарияланған материалдарды;

3) мақала жарияланған газеттер, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары.

  1. Конкурсқа мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.
  2. Басқармаға ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.

Қорытынды ережелер

 Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Аталмыш конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1-Б үй, 353 кабинет.
Байланыс телефоны: 8 (7162) 40-14-2

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»
облыстық конкурсын өткізу
қағидаларына қосымша

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсына қатысу үшін өтінім

 Т.А.Ә. ______________________________________________________

  1. Жасы ______________________________________________________
  2. Білімі ______________________________________________________
  3. Жұмысы ___________________________________________________________
  4. Мекенжайы ______________________________________________________
  5. Байланыс  телефондары____________________________________
  6. Мақала, бағдарлама,  БАҚ атауы, жарияланған күні:

1 . ______________________________________________________

2. ______________________________________________________

8. Қосымша ақпарат

______________________________________________________

Қатысушының қолы

Күні

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар