«BURABAY ICE -2025» 13 елдің өкілдерін жинады

Жуырда Бурабай көлінің мұз айдынында халықаралық экстремальды жарыс болып өтіп, қатысушылар 7, 14 және 21 шақырымдық қашықтықты еңсеру жолында өздерінің табандылықтарын танытты.

«Экстремальды жеңіл атлетика» қоғамдық ұйымының Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізген Бурабайдағы жарысқа 13 елден бір мыңға жуық спортшы қатысты. Айтулы шараға RG Gold, KAZ Minerals, Visit Aqmola және «Бурабай Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қолдау көрсетті. Сонымен қатар, «Синегорье палитрасының» шеберлері қонақтарға арналған кәдесыйларды жасады.

– «BURABAY ICE-2025» көрмесін үшінші жыл өткізіп отырмыз. Әр жыл сайын қатысушылардың саны артып қана қоймай, географиясы да кеңейіп келеді. Бұған дейін Ұлыбритания, Ресей, Оңтүстік Корея, Франция сияқты елдер жарысқа қатысып жүрсе, биыл бізге Жаңа Зеландия мен Албания спортшылары алғаш рет келіп отыр. Жарысқа 18 жастан асқан кез-келген адам қатыса алады. Мәселен, жасы 90-нан асқан Вадим Клименов 7 шақырым қашықтықта өнер көрсетті, – деп атап өтті жарысты ұйымдастырушылардың бірі, «Экстремальды атлетика» қоғамдық ұйымының жетекшісі Павел Тенцер.

Мұнда кәсіпқой спорттағыдай жеңіс тұғырынан көріну керек деген қызу бәсеке жоқ. Ең бастысы – табиғи кедергілермен және өзіңізбен күресу, өз мүмкіндіктеріңіз бен ерік-жігеріңізді сынау. Сондай-ақ, қысқы мұз жарысы, Бурабай ұлттық саябағындағы жазғы кросс және Зеренді көлінің айналасындағы күзгі автожол жартылай марафонының қашықтығын аяқтаған әрбір адам Солтүстік патшасы немесе патшайымы деген құрметті атаққа ие болады. Бұл әрине, өте жағымды жаңалық. Бурабайдың әдемі көріністері, көтеріңкі көңіл-күй және спортшылардың бір-бірімен емен-жарқын араласуы – бәрі-бәрі Ақмола өңіріне еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келетін спортшылардың ағынын арттыра түседі.

Елорда тұрғыны Аида Жұмабаева жарысқа екінші жыл қатарынан қатысып отыр. Ол қысқы Бурабайдың табиғаты қатты ұнататынын айтады. Ол үшін экстремальды кросс – бұл күш сынағы, өзін сынау мүмкіндігі. Оның спортқа тікелей қатысы жоқ және басқа жоба жетекшісі қызметін атқарғанымен, барынша ұзақ қашықтыққа жүгіруге екінші рет қатысып отырғаны қызығушылықтан туған. Өткен жылы ол 21 шақырымды 2 сағат 15 минутта бағындырса, биыл осы нәтижені жақсартуды жоспарлап отыр.

Жарыстың тағы бір қатысушысы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің екінші курс студенті, үндістандық болашақ дәрігер Амир Сукумар. Ол мұндай экстремальды спорт түрлерін алғаш рет естіген екен. Амир достарымен бірге қалалық «Alaman run» клубында жарты жылдан бері 7 шақырымдық қашықтықты бағындыруға дайын. Бұл жас жігіттің мұндай жағдайда жүгірудегі алғашқы тәжірибесі болмақ.

Жарыс күрделі жағдайда өтті, бірақ жақсы ұйымдастыру мен маршрутты сапалы дайындаудың арқасында барлық спортшылар Бурабайдың көркем пейзаждарын тамашалап, нағыз қысқы спорттық шытырман оқиғаның куәсі болды.

21 шақырымдық қашықтықта Данияр Орманғали мен Ксения Авдеева абсолютті жеңімпаз атанса, 14 шақырымдық қашықтыққа Нұрысбек Сексембай мен Наталья Эккерт үздік нәтиже көрсетті. Ал, 7 шақырымдық қашықтықта Нұралы Қоңырбай мен Әсем Әбілқасоваға тең келер ешкім болмады. Бұл жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы біздің жерлестеріміз.

– Мен Ақтөбеден келдім, мұндай жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Мен мұнай саласында жұмыс істеймін, бірақ, спортқа деген қызығушылығымнан қаламыздағы жүгіру үйірмесіне барамын. Мен болашақ қатысушыларды мұндай жарыстарға жиі қатысуға шақырамын. Қиындықтан қорықпаңыз, бәрі міндетті түрде орындалады, – деп бөлісті Нұралы Қоңырбай мәреден кейін.

Ұйымдастырушылар келесі жылы әлемнің түкпір-түкпірінен бұдан да көп спортшыларды тарта отырып, жарыстың ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Наталья ЯКОЛВЕВА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар