Мал дәрігерлік шаралардың маңызы

Маманның кеңесі

Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы Көкшетау қаласының ветеринариялық станциясының негізгі міндеттері – аумақты жануарлар ауруларының енуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ету. Осы ретте, жануарларды аурулардан қорғап, емдеу, халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір кепілі болып табылады. 

Жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмау шарттарының бірі – жануарларды есепке алу, жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау да аса маңызды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дегеніміз дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған құралдарды пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын сол жануарларды есепке алу рәсімі.

Бірдейлендіру Көкшетау қаласының ветеринариялық станциясы жүргізетін ветеринариялық іс-шаралар кешеніне кіреді және жануарларды  профилактикалық вакциналау, емдеу, аса қауіпті ауруларды  диагностикалық зерттеулер үшін қан сынамаларын алу және тағы басқа да ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау үшін негіз болып табылады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің болуы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды уақытылы жүргізуге, бір әкімшілік-аумақтық бірліктен екіншісіне көшу тарихын, сондай-ақ, иесінің ауысуына байланысты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жануарлардың жеке нөмірлерінің болмауы ветеринариялық ілеспе құжаттарды алудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Бұл жағдайда бұл жануарларды тасымалдауға немесе сатуға жол берілмейді. Қаңғыбас мал анықталған және жануарда жеке нөмірі болған жағдайда иесі туралы деректерді, яғни, тегі мен аты-жөнін, мекенжайын анықтауға болады.

Қала аумағының жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардан аман сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, мал ұрлығының алдын алу мақсатында Көкшетау қаласының ветеринариялық станциясы тұрғындардан жануарларды бірдейлендіру жөніндегі мемлекеттік қызметті уақытылы алу үшін өздеріне жүгінуді сұрайды. Бұл орайда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін чиптер беруді қоспағанда, «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету тегін негізде жүзеге асырылады.

Ветеринариялық төлқұжат және ондағы мәліметтер деректер базасында электрондық түрде қалыптастырылады. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде ветеринариялық төлқұжат деректер базасынан басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі. Қағаз ветеринариялық төлқұжаттар берілмейді.

Бұл күнде Көкшетау қаласының ветеринариялық станциясы қала бойынша жылдық жоспарға сәйкес бекітілген ветеринариялық іс-шараларды, яғни, диагностикалық зерттеулерді, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, сондай-ақ, сібір жарасы, эмкар, нодулярлық дерматит, құс тұмауы сияқты аса қауіпті инфекцияларға қарсы профилактикалық вакцинациялауды бастады.

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу қағидалары ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау, диагностикалау және бірдейлендіру 7-1/68 және 7-1/587 қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Қалада аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эпизоотиялық жағдай бүгінгі күні тұрақты. Уақытында және дұрыс жүргізілген ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар аурулардың пайда болуына жол бермейді, сонымен қатар, жануарларды емдеуге кететін шығындарды үнемдейді.

Вакцинация – жануарлардың жұқпалы және вирустық ауруларының алдын-алу әдісі, ол сау мал өсіруді қамтамасыз етеді.  Вакцинация кезінде антиденелер жасау үшін жануардың денесіне арнайы антиген енгізіледі. Вакциналардың түрі көп. Мәселен, тірі вакциналар, белсенді емес вакциналар, РНҚ және мРНҚ негізіндегі вакциналар бар. Олардың мақсаты бір, ағзаның иммундық реакциясын арттыру және жануарлардың ауру қаупін азайту.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен тәсілі туралы толығырақ ақпарат алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы Көкшетау қаласының ветеринариялық станциясына мына мекенжай бойынша жүгінуі қажет: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23, № 109 бөлме, телефон 8 (716 2) 760697.

Гүлжан ХАБИДУЛЛИНА,
Ақмола облысы ветеринария басқармасының
Көкшетау қаласы бойынша бас маман-өкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар