Цифрлық жобалар іске асырылып келеді

Цифрлық жобалар

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық әділет департаментінің басшысы Бәукен Әлмеш БАҚ өкілдеріне заң рәсімдерін жеңілдетуге және азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған орындаушы роботтың рөлі мен мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда атқарушы өндірісті цифрландырудың маңызы зор. «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі – құқықтық мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тегін заң консультацияларын алуға арналған онлайн-сервис. Цифрлық нотариат-сервистің көмегімен қазақстандықтар нотариусқа бармай-ақ, ерлі-зайыптылардың сенімхаттары мен келісімдерін ресімдей алады. Ақмола облысында 6000-ға жуық сенімхат және 1300 келісім қашықтықтан рәсімделді. Цифрлық сот орындаушысы – атқарушылық іс жүргізуді қашықтықтан жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе.  Ақмола облысында 327,9 миллион теңгеге 16999 жеңілдетілген атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың үнемделген қаражатының жалпы сомасы 81,9 миллион теңгені құрады.

Департамент басшысы Баукен Серікұлының айтуынша, 2025 жылға арналған жоспарлардың бірі – ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі-консультациялар мен құжаттарды жинауға көмектесетін чат-бот. Цифрлық сот орындаушысының құзыретін кеңейту, бұл 40 АЕК-ке дейінгі берешекпен жұмысты автоматтандыруға және азаматтарға жылына 12,2 миллиард теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Әділет саласында цифрлық технологияларды қолдану әкімшілік кедергілерді қысқартуға, процестердің ашықтығын арттыруға және халықтың құқықтық сауаттылығын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, әділет департаментінің бірқатар мемлекеттік қызметтері автоматтандырылған. Қазіргі таңда департамент облыста мемлекеттік қызметтердің 12 түрін көрсетеді. Бұл электрондық форматтағы өтінімдерді қарау мерзімдерін едәуір қысқартуға, бюрократиялық рәсімдерді барынша азайтуға және адами факторды алып тастауға мүмкіндік беруде. Олардың көпшілігі толығымен автоматтандырылып, бұл процесті азаматтар үшін бұрынғыдан ыңғайлы ете түскен. Бұл әрине, қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін өте маңызды.

2024 жылы департамент 1900-ден астам мемлекеттік қызмет түрін көрсетті. Бұл жерде біз оң динамиканы бақылай аламыз, өйткені, азаматтар қажетті қызметтерді алу үшін цифрлық мүмкіндіктерді көбірек пайдаланады.

Басшының айтуынша, «Цифрлық Әділет» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру саласында бірқатар шаралар қабылданған. Өткен жылы автоматтандырылған режимде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «аттестаттау реинжинирингі» атты пилоттық жоба іске қосылған. Бұл адвокаттық, нотариаттық қызметпен және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығын қарастырады. Аталған  жоба комиссиялық әңгімелесу кезеңін алып тастай отырып, оның орнына ситуациялық кейстерді онлайн форматта тестілеп қосады. Осылайша аттестаттау рәсімінің қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі қысқаратыны жеткізілді. Бұл аттестаттау рәсімінің ашықтығы мен мамандыққа қолжетімділікті одан әрі арттырады.

Қазіргі таңда азаматтардың құқықтық ақпарат алуға деген ынталары басым. Өйткені, ауылдық округтер әкімдіктері ұсынған мәліметтеріне сәйкес, «Құқық кабинеттері» құрылған сәттен бастап бүгінге дейін азаматтар  өздеріне қажет сұрақтарымен жүгініп, құқықтық ақпарат алуда. Нәтижесінде ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша, әсіресе, жер мәселесі, алимент өндіру,  банк шоттарына тиым салу және оны шешу, адрестік-әлеуметтік көмек алу, миграция  және басқа да құқықтық мәселелер бойынша жүгінуде.

«Құқық кабинеттері» бойынша ақпарат әділет департаментінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде  («VK», «Facebook», «Instagram») сондай-ақ, аудандық, ауылдық әкімдіктерінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланған. Сонымен қатар, республикалық, облыстық «Арқа ажары», «Акмолинская правда» және аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттар мен ақпараттар жарияланып, «Кокѕhe» РТРК Ақмола облыстық филиалының  «Сараптамалық пікір» айдарынан жергілікті тұрғындар үшін «Құқық кабинеттері» бойынша ақпарат ұсынылып отырады. Бұдан басқа да елді мекеннің тұрғындары арасында  дәстүрлі әдіс арқылы, яғни, әкімдердің ауыл тұрғындарымен кездесулерінде, жиналыстарда, тұрғындардың WhatsApp (ватсап) чаттарында ақпарат барынша кеңінен ұсынылуда.

 Басты мақсатымыз – құқықтық кабинеттерінің ұстанымын барлық азаматтардың назарына жеткізіп, кез-келген құқықтық мәселені шешудің ең тиімді жолын және бағыт-бағдарын нұсқап,  қолдау болып табылады, – деп қорытындылады сөзін БАҚ өкілдерінің сауалдарына барынша жауап берген Бәукен Әлмеш.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Суретті түсірген Нұрболат БЕКТҰРҒАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар