Қысқы шаруа
Қыс болған соң биыл да облыс өңірлерінде жиі-жиі қар жауып, тұрғындар мен көлік құралдарына кедергі туғызуда. Осыған байланысты қар тазалау жұмыстары қыс ішіндегі бірінші кезектегі шаралардың бірі болып саналады.
Ауданда тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 31 мың текше метр қар шығарылды. Қар тазалау бойынша кезекшілік ұйымдастырылып, күн сайын арнайы техника шамамен 30 рейс жасап, сыртқа 2000 текше метрден астам қар шығарады.
Қар тазалау мен оны шығару жұмыстарына «Нива», «Зеленое», «Жалтыр АТП», «Байду-Агро», «СХП Қызылжар», «Острогорский», «Гранит Петровка», «Өрнек 2005», «СХП Колутон-04», «Ізбасаров және К», «Колутон ХПП» «Федоренко» серіктестіктері, «Максимус», «Сағадатов», «Карпенко» жеке кәсіпорындары және «Дүйсекеев» шаруа қожалығы белсене атсалысуда.
Ең алдымен, орталық көшелер, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылады. Күнделікті қар тазалау жұмыстары тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға айтарлықтай үлес болып қосылып, қоғамдық және жеке көліктердің кідіріссіз қозғалысын қамтамасыз етуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.