Ұлт көгіндегі жарық жұлдыз

Шоқан Уәлиханов – 190

Жуырда «Кітапхана және жастар» жобасы аясында «Достар» мәдениет сарайында «Аққан жұлдыз» атты тақырыпта қазақ халқының аса көрнекті перзенті және ағартушы ғалымы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған оқырмандар конференциясы өтті.

Конференцияға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарихшы ғалымдары, филологтары, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің қызметкерлері, оқушы жастар, бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдени қоғамдастық өкілдері қатысты.

Жиналғандар алдымен, ұлы ғалымның мерейтойына орай ұйымдастырылған «Шоқтығы биік – Шоқан» атты тақырыптық кітап көрмесімен танысты. Көрмеде Шоқан Уәлихановтың көп қырлы мұрасының маңызын ашатын кітаптар, мақалалар мен зерттеу жұмыстары ұсынылды. Экспозиция ғалым мұрасымен танысудың маңызды алаңына айналып,  өмірі мен қызметін одан әрі зерттеуге деген қызығушылықты арттырды.

Конференцияға қатысушылар келесі кезекте «Шоқан Уәлихановтың әлемдік ғылымдағы мұрасы», «Шоқан және оның шығыстанудағы зерттеулері», «Уәлиханов және қазақ фольклоры», сондай-ақ, «Шоқантану: тарих, қазіргі жағдай және перспективалар» сияқты негізгі тақырыптарды талқылады.

Баяндамашылардың әрқайсысы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің бірегейлігі мен маңыздылығын атап өтіп,  оның шығыстануда жаңа көкжиектерді ашып қана қоймай, сонымен қатар, қазақтың мәдени қасиеттерін сақтау мен дамытуға маңызды үлес қосқандығы туралы да айтып өтті.  Спикерлердің сөздері жас тыңдаушылардың арасында айтарлықтай ықылас тудырып, Ақан сері атындағы Көкшетау жоғарғы мәдениет колледжінің студенттерінің орындауында театрландырылған көрініс қойылып, ұлы тұлғаға арналған өлеңдер оқылды.

Конференция мамандардың ғана емес, Қазақстанның мәдениеті мен тарихын зерттеуге мүдделі жастардың назарын аударып, ұлы ғалымның мұрасына терең құрмет пен қызығушылық танытылған ахуалда өтті. Іс-шараға қатысушылар Шоқан Уәлихановтың ғылыми және мәдени үлесінің маңыздылығын, оның шығыстану, фольклор және тарих саласындағы зерттеулерін, сондай-ақ, қазақ ғылымы мен әдебиетінің дамуына әсерін талқылап, өздерінің толымды бағаларын берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар