600-ден астам жұмыскердің құқықтары ескерілді

Заң және тәртіп

Степногорск қаласының прокуратурасы еңбек заңнамасы саласында талдау жүргізу нәтижесінде жұмыскерлердің құқықтарын қорғап, қалпына келтірді.

Қаланың жергілікті атқарушы органдары Еңбек кодексінің 23-бабын бұза отырып, еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізбеген. Соның салдарынан жұмыскерлердің жүйеден деректер алу құқықтары бұзылған.

Ал, бұл бірыңғай жүйенің негізгі артықшылықтары келісім-шарттың, жарналардың болуын көрсету арқылы қағаз құжаттарды жинау және әлеуметтік тәуекелдерден қорғау қажеттілігі туындамауына байланысты жұмысқа орналастыру процесін жеңілдету, сондай-ақ, жұмыс берушінің жұмыскерлер алдындағы міндеттемелерін бекіту болып табылады.

Өкінішке орай, прокуратура анықтағанындай, 2023-2024 жылдары жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан 627 жұмыскер туралы мәліметтер енгізілмеген.

Қадағалау актісі бойынша бұл анықталған бұзушылықтар жойылып, нәтижесінде 627 адамның барлығының құқықтары қорғалды, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Төлем ақысын бұрмалап келген

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының қадағалау қызметіндегі басым бағыттардың бірі.

Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Соған қарамастан, облыс прокуратурасының талдауы барысында медициналық ұйымдардың тауарларды жеткізуге көрсетілетін қызметтер үшін төленетін сомаларды алғанда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын жүйелі түрде бұзатыны анықталды.

Қадағалау актісі бойынша 500 кәсіпкерлік субъектісіне 500 миллион теңгеден астам төлем жүргізіліп, олардың құқықтары қорғалды, ал, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Ақмола облысының прокуратурасы.

 Еріктілер азаматтарға көмек көрсетті

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қолдау білдірді.

Сөйтіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақмола облыстық филиалының Көкшетау қаласындағы №1 мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің «кеңес беру алаңында»  азаматтарға құқықтық сала мен салық саласында көмек көрсетілді.

«Pro ​​Bono волонтерлік» бағыты бойынша өткен бұл шарада мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен нотариустар белсенділік танытты. Олар қабылдау барысында жалпыға бірдей декларациялау мәселелері, банк шоттарын бұғаттау және оны ашу, көлік құралдарына салынатын салықтар және басқа да мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар мен ақыл-кеңестер берді.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар