Көкшетау қаласында Жоғарғы техникалық колледж базасында жұмысшы мамандықтар жылына арналған ашық пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Кездесуге түрлі жұмысшы мамандықтардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорын жетекшілері, студенттер мен оқытушылар қатысты.
Кездесудің мақсаты – мектеп, колледж, ЖОО, кәсіпорын өңірлік кластерін құру және өңірдің басым бағыттары бойынша сұранысқа ие кадрларды даярлау.
«Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны белгілі. «Amanat» партиясы тиісті шаралар жоспарын белсенді түрде жүзеге асыруда. Осы дөңгелек үстел аясында жастар облыстағы ең сұранысқа ие мамандықтар туралы өзекті ақпарат алады. Бізге электриктер, құрылысшылар, электр-газбен дәнекерлеушілер жетіспейді. Жастардың осы саладағы жұмыстың артықшылықтарын білгенін қалаймыз», – деді «Amanat» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов.
Көкшетау жоғары техникалық коледжі директорының орынбасары Нартай Ибраев өңірдегі жұмысшы мамандарын даярлайтын іргелі оқу орнының жетістіктері, студенттердің кәсібилігі мен жұмысшы мамандықтардағы мансаптық перспективалар сияқты мәселелер туралы айтты. «Тыныс» АҚ, «КАИК», «Дизайн Орталығы» кәсіпорындарының өкілдері табысқа жету құпияларымен бөлісіп, жұмыстардың қоғам өміріне әсерін айтып беріп, бүгінгі таңда ең қажетті мамандықтарға тоқталды.
– Су, жылу инженерлері, машина құрау, ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу саласында көптеген бос орындар бар. Біз өз мамандарымызды үнемі біліктілігін арттырып, материалдық-техникалық базамызды тұрақты түрде жақсартып, еңбекақы қорын арттыруға дайынбыз», – деді Қазақстанның қала құрылысы Одағының мүшесі, ҚР Құрметті архитекторы Бурабай Марамов.
Кәсіби колледждер мен оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар заманауи технологияларды енгізу мен жас мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау қажеттілігін талқылады.
Кездесу нәтижесінде барлық қатысушылар жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігімен келісті.
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы