Нарық құнынан төмен бағамен

Келісім-шарт

Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «КОКЅНЕ» ӘКК» акционерлік қоғамымен 41,6 мың литр көлемінде тазартылған күнбағыс майын әлеуметтік баға бойынша сату туралы шарт жасасты.

Өнім күнбағыс пен күнбағыс майын үшжақты форвардтық сатып алудың пилоттық бағдарламасы аясында алынды.«OskemenAgroProdukt» май зауыты 2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Азық-түлік келісім-шарт корпорациясына 83,2 мың литр күнбағыс майын жеткізбекші болып уағдаласты.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың наурыз айында Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы күнбағыс өсіруге мамандандырылған агроөндірушілерді форвардтық қаржыландырудың басталғаны туралы хабарлаған болатын. Өтінімдерді іріктеу нәтижесінде «Майлы дақылар тәжірибе шаруашылығы қосу» ЖШС және «OskemenAgroProdukt» ЖШС бағдарламаға қатысушылар болып танылды. Егін жинағаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші күнбағысты май зауытына өңдеуге жіберуге, одан әрі Азық-түлік келісім-шарт корпорациясына жеткізуге міндеттенді. Күнбағыс пен күнбағыс майын сатып алу бағасы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржыландыру сәтінде тіркелді, нәтижесінде ұлттық оператор күнбағыс майын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алды.

Үш жақты форвардтық сатып алу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құруда жеке нарыққа жәрдемдесу туралы тапсырмасын орындау үшін іске қосылды. Күнбағыс майы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізіміне енгендіктен және оның құны мезгіл-мезгіл өсетін күнбағыс бағасына тікелей байланысты болғандықтан, пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін дәл осы майлы дақыл таңдалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Азық-түлік келісім-шарт  корпорациясының негізгі азық-түлік тауарлары бойынша бағалардың ауытқуын төмендету және ұлттық оператордың ӘКК тұрақтандыру қорларымен жұмысын күшейту үшін әлеуетін пайдалану қажеттігін атап өтті.

Азық-түлік келісім-шарт  корпорациясы функцияларының бірі – азық-түлік нарығын тұрақтандыру. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы көтерілген жағдайда ұлттық оператордың ӘКК тұрақтандыру қорларына күнбағыс майын, қарақұмықты және қажет болған жағдайда басқа да егін шаруашылығы өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге мүмкіндігі бар. Бұл ӘКК-ке халықты қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар