Дәрігер кеңесі
Сүт безінің қатерлі ісігі, бұл сүт безі ұлпаларында патологиялық жасушалардың бақылаусыз бөлініп, ісікке айналатын аса қауіпті індет түрі. Емделмеген жағдайда ісік ағзаның басқа бөліктеріне ауысып өлімге әкеліп соғуы әбден мүмкін.
Сүт безі қатерлі ісігі жасушалары сүт ағынымен яки сүт безі ұлпаларында өсе бастайды. Ең алғашқы түрі өмірге қауіпсіз болып, сол ерте кезде анықталуы да мүмкін. Ісік жасушалары сүт безінің маңындағы ұлпаларға тарап кетуі ықтимал. Ісік одан әрі өскен жағдайда оның көлемі ұлғайып немесе тығыздала бастайды. Инвазиялық рак маңындағы лимфалық түйіндерге немесе басқа да органдарға таралуы ықтимал. Метастаздар адам өмірі үшін қауіпті әрі өлімге әкеліп соғуы мүмкін.
Емді таңдау емделушінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, ісіктің түрі мен оның таралу дәрежесіне байланысты болмақ. Емдеу хирургиялық әрекетті, сәулелік терапия мен дәрі-дәрмектерді қабылдауды қамтитын аралас түрде жүргізіледі.
Жалпы тек өткен жылдың өзінде ғана сүт безінің қатерлі ісігі әлемде 2,3 миллион әйелде анықталып, оның ішінде 670 мың адам қайтыс болғанын атап өткен жөн. Сүт безінің қатерлі ісігі әлемнің барлық елінде әрі жыныстық жетілген кез-келген жастағы әйелде кездеседі. Сонымен бірге, ауру көрсеткіштері жас ұлғайған сайын ұлғая түседі. Есептік көрсеткіштер адами потенциалдың даму деңгейіне байланысты түрлі елдерде сүт безі қатерлі ісігінің таңғалдырарлық сәйкессіздіктің болатынын айғақтайды. Мәселен, адами әлеуетінің даму индексі өте жоғары елдерде статистикалық мәліметтер бойынша сүт безінің қатерлі ісігі 30 жастан 40 жасқа дейінгі жас тобында 1000 әйелдің ішінде төртеуінде, 50 жастан 60 жасқа дейін – жиырмасында, 70 жастан 80 жасқа дейін отыз жеті емделушіде анықталатыны мәлім болды. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың үлкен рөл атқаратынын да атап кеткен жөн. Сүт безінің қатерлі ісігі өмір бойы әрбір 12 әйелде байқалып, оның ішінде әрбір 71-ші әйел қайтыс болады. Біздің елімізде де өкінішке орай, сүт безі қатерлі ісігі жиі кездесетін және адам өліміне әкеліп соғатын кең тараған аурулардың бірі. Ауру белгілерін анықтаған кезде қос сүт безінде хирургиялық алып тастау немесе химиялық профилактика сияқты алдын алу шараларын қабылдауды қарастырған тиімді болады.
Сүт безі қатерлі ісігінің бастапқы сатысында оның белгілері көп жағдайларда сезіле бермейді, сондықтан, оны уақытында анықтау аса маңызды. Сүт безі қатерлі ісігінің сипмтомдарына кеуденің тығыздалуы және көп жағдайда ауырмайтын түйіннің пайда болуы, сүт безінің түрі мен мөлшерінің өзгеруі, емшектің айналасы, сондай-ақ, емшек түрі мен формасының өзгеруі, емшектен қанды немесе патологиялық бөліністердің пайда болуы кіреді.
Кеудеде аномальды тығыздалуы анықталған жағдайда, тіпті егер тығыздалу ауырмаған жағдайдың өзінде медициналық көмекке жүгіну қажет. Көптеген жағдайларда сүт безі көлемінің үлкеюі қатерлі болмауы да мүмкін. Сүт безі қатерлі ісігін сәтті емдеу мүмкіндігі ол әлі кішкентай мөлшерде әрі көршілес лимфалық тораптарға таралмаған жағдайда жоғары болады.
Сүт безінің қатерлі ісігі басқа ұлпалар мен органдарға таралып, басқа да симптомдар тудыруы ықтимал. Рактың таралуы көп жағдайда қолтықтағы лимфалық тораптарда басталғаны анықталып жатады. Бірақ, кейде метастаздық зақымдаушы лимфалық тораптардың сезілмеуі де мүмкін. Уақыт өте келе қатерлі ісік жасушалары өкпе, бауыр, ми және сүйекке дейін таралып кетуі ықтимал. Тіпті бас және сүйек аурулары сияқты жаңа онкологиялық сипмтомдар пайда болуы мүмкін.
Сүт безі қатерлі ісігін емдеу тәсілі оның лимфалық тораптарға (ІІ немесе ІІІ кезең) немесе ағзаның басқа да бөліктеріне (ІV кезең) таралу дәрежесіне және рактің түріне байланысты болмақшы. Рактің қайта пайда болу мүмкіндігін барынша төмендету үшін дәрігерлер емдеу нұсқаларын алмастырып отырады: Оған сүт безі ісігін алып тастау бойынша хирургиялық ота, сүт безі мен қоршаған ұлпаларында ісік рецидивтері қаупін төмендету үшін сәулелік терапия, гормональды терапия, химиотерапия және таргетті биологиялық терапияларды қосқанда рак жасушаларын жою және олардың таралуының алдын алу үшін емдік препараттар тағайындау жатады.
Сүт безі қатерлі ісігін емдеудің барлық кезеңдерін орындау және уақытында бастау оның тиімділігі мен төзе алу қабілетін жоғарылатады. Хирургиялық әрекет кезінде тек қатерлі ісік немесе барлық сүт безі алынып тасталуы мүмкін. Ісіктің таралу қабілетін бағалау үшін сонымен қатар, лимфалық тораптар да кесіп алынуы мүмкін.
Сәулелік терапия сүт безі ұлпаларында және лимфалық тораптарда қалуы мүмкін қалдық микроскопиялық түзілімдерге әсер етіп, кеуде қабырғасында ісіктің пайда болу мүмкіндігін төмендетеді.
Соңғы сатыдағы қатерлі ісік тері жамылғысы арқылы өсіп ауырсынуды сезілмейтін ашық жараларды тудыруы мүмкін. Егер кеудедегі жаралар жазылмаған жағдайда әйел дереу медициналық көмекке жүгініп биопсиядан өткені жөн.
Сүт безі қатерлі ісігін емдеуде сәулелік терапия да аса маңызды рөл атқарады. Дерттің алғашқы сатысында радиотерапия мастэктомия қажеттілігін болдырмауы мүмкін. Одан арғы сатыларында терапия мастэктомия өткізілген күннің өзінде рецидив қаупін төмендете алады. Аурудың соңғы сатыларында сәулелік терапия кейбір жағдайларда сүт безі қатерлі ісігінен адам өлімі қаупін азайта алады.
Дертті емдеу тәсілдерінің тиімділігі дәрігерге неғұрлым ерте, аурудың бастапқы сатысында көрінуге және емдеу толық емдеу курсынан өтуге байланысты. Ауруды ішінара емдеу аурудан айығудың мүмкіндігін төмендетеді.
Әсемгүл МҰСАТАЕВА,
Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің
Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы.
3 Total Views , 1 Views Today