Бурабай ауданының тәжірибесі таратылады

Тұрғын үй

Соңғы екі жыл ішінде Ақмола облысында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар тиянақты жүргізілуде.

Мемлекет басшысының әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылы өңірдің 10 ауданында тұрғын үйді сатып алу бағдарламасы бойынша 14,7 миллиард теңгеге 850 жалдамалы пәтер сатып алынды.

Оның ішінде 318 пәтер Көкшетау қаласына, 180-і Қосшы қаласына, 92-сі Бурабай ауданына, 80-і Жарқайың ауданына және басқа да өңірлерге бөлінді.

Облыс әкімі өткізген жиында жаңа үйлердің тұжырымдамасы жан-жақты ойластырылып, тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуы керектігі атап өтілді.

–Тұрғын үйді сатып алу бірнеше мәселелерді қатар шешуі тиіс – әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту, бірыңғай сәулеттік тұжырымдама қалыптастыру, инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету және кезекті қысқарту. Әрбір жоба арнайы комиссияның қарауынан өтетін болады, – деді бұл ретте, Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар, өңір басшысы Бурабай ауданында жүзеге асырылған тәжірибені өзге аудандарға да кеңінен таратуды тапсырды.

Айта кетейік, Щучинск қаласындағы тұрғын үй облыста реновация бағдарламасы аясында салынған алғашқы нысан. Мұндайжобалардыіскеасыруазаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартып қанақоймай, қосымшаинженерлікинфрақұрылымсалмай-аққаланыңкелбетінжаңартуғамүмкіндікбереді.

2025 жылыбұлбағыттағыжұмыс жалғасады. Жергіліктіатқарушыоргандарбиыл өткен жылменсалыстырғандапәтерді көбірексатыпалудыжоспарлапотыр.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

сурет: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар