«Жас ұрпақ» бірлестігі қатарына қосылды

Іс-шараға құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Өткен жылдың соңында облыс прокуратурасының бастамасымен «Жас ұрпақ» жобасы іске қосылған болатын. Жоба негізінде жұмыс істейтін «Жас ұрпақ» жастар бірлестігіне мүшелікке облысымыздың 20 өңірінен 1 мың оқушы қабылданды.

Жобаның мақсаты балаларды өмірлік құндылықтарға тәрбиелеп, аға буынға құрмет көрсетуді, патриотизмді насихаттау болып табылады. Жоба сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтиды. Бүгінгі таңда бұл жоба облыстың барлық қалалары мен аудандарында іске асырылуда. Осылайша қысқа уақыт ішінде жастар бірлестігінің қатарына 1100 қатысушы қосылды.

Бұл бастама белсенді және мәдениетті жастарды тәрбиелеудегі маңызды қадам болмақ. Қазіргі уақытта осы жобаға қатысатын балалар шығармашылық және рухани құндылықтарды дамытуда айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізді.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар