Прокурор назары
Конституциялық соттың 2025 жылғы 7 ақпандағы №65-НП нормативтік қаулысы шықты.
Онда Азаматтық Кодекстің (АК) 914-бабының ойын ұйымдастырумен, өткізумен, бәс тігумен немесе оған қатысумен байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын сот арқылы қорғауға шектеу бөлігінде, ойын бизнесін ұйымдастырушы олардың шарттарын сақтаған кезде Конституцияға сәйкес емес деп танылды.
Конституциялық Сот букмекерлік кеңседен ұтысты өндіріп алу туралы талап қою бойынша іс жүргізуді тоқтатуға келіспеу туралы өтінішті азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтын деп қарай отырып, Конституцияның 13-бабы 2-тармағын келтіреді, бұл әрқайсысына өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығына кепілдік береді.
Заң ойындардың бастамашысын (ұйымдастырушысын) лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындарды өткізу шарттарына сәйкес жеңімпаз деп танылған адамдарға ұтысты төлеуге міндеттейді (АК 913-бабы 2-тармағы). Ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы) көрсетілген міндеттерді орындамаған жағдайда лотереяда, тотализаторда немесе өзге де ойындарда ұтып алған қатысушыға заңмен оған ұтысты төлеуді, сондай-ақ, келтірілген залалды өтеуді талап ету құқығы беріледі (АК 913-бабы 3-тармағы).
Тиісінше, ойын бизнесі субъектілерінің заң шеңберінде жасалған жария шарттарға негізделген міндеттемелерді орындауына байланысты қатынастар және олардан туындайтын талаптар соттарда қаралуға жатады. АК-нің 914-бабының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған ережесіне негізделген соттардың шешімдері орындалуға жатпайды және заңда белгіленген тәртіппен қайта қаралуға тиіс.
Ақмола облысының прокуратурасы.