Тағайындау
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Серік Қанатұлы Сахиев негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Серік Қанатұлы Сахиев Ақмола облысы, Степногорск қаласының Қырық Құдық ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-биохимик» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Зеренді аудандық емханасында дәрігер-биохимик ретінде бастады. Әр жылдары Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және денсаулық сақтау салаларында басшылық қызметтер атқарды.
Осы тағайындауға дейін «Краснояр ауылының бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарған.
7 Total Views , 1 Views Today