Ортақ түсіністік те, нəтиже де болды

Қоғамдық кеңесте

Осыдан тура үш жыл бұрын Ақмола облыстық мәслихатының сессиясында 2022-2024 жылдар аралығында жаңа Қоғамдық кеңестің құрамы  бекітілген болатын. Осы қысқа уақыттың ішінде үшінші шақырылымдағы кеңестің мүшелері жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде белсенділік танытып, облыстың және қоғамның дамуына өз үлестерін қосты. Жуырда сол жемісті жұмыстың қорытындысы шығарылды.

Іс-шарада жергілікті билік пен жұртшылық өкілдері кездесіп, қатысушылардың баяндамаларында бұл институттың маңыздылығы атап өтілді.

–Біз бұл тарихи межеге мықты мемлекет және біртұтас ұлт ретінде жеттік. Саяси жаңғыру, экономикадағы құрылымдық өзгерістер және әлеуметтік саланың дамуы жаңа ауқымда жалғасуда. Бұл істе Қоғамдық кеңестердің еңбегі зор, – деп атап өтті осы ретте, Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов.

Кездесуге қатысушылар шешім қабылдау үдерісіндегі қоғамдық институттардың рөлі және мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамның әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды іске асырудың өзектілігі туралы айтты.

–Кез келген өзгеріс халқымыздың өмірін жақсартуға бағытталуы тиіс. Мемлекеттілікті нығайтатын және біздің әлеуетімізді арттыратын бастамаларды ғана іске асыру қажет. Бұл Мемлекет басшысының нақты ұстанымы, – деп атап өтті бұл тұрғыда Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов.

Отырыс барысында Кеңестің белсенді мүшелері Мариям Әбішева, Нұрлан Жаров, Жеңіс Кәрімов, Алмат Нұрахметов, Сансызбай Сәрсенбаев, тағы басқаларының еңбектері ауызға алынды.

Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың Алғыс хаттарымен Серік Кәкенов, Сәуле Құсайынова, Бақыт Смағұл және Ирина Осипова марапатталды.

Үшінші сайланған Қоғамдық кеңестің жұмысы аяқталғанына қарамастан, оның құрамындағы белсенділердің әрқайсысы түрлі салаларда жұмыстарын жалғастыра бермекші.

Соңғы отырыс барысында қонақтарға музыкалық сәлем жолданып, кеңес мүшелері өздерінің үш жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы айтып, жылы лебіздерімен бөлісті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар