Ақмол ауылында 45 отбасы баспаналы болды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали әлеуметтік санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған Ақмол ауылының 45 тұрғынына салтанатты түрде жаңа пәтердің кілттерін тапсырды.

Ол жаңа қоныс иелерін келе жатқан мерекемен және олардың өміріндегі маңызды оқиғамен құттықтай келе, ол халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Жаңа қоныс иелері атынан сөз алған көп балалы ана, «Алтын алқа» алқасының иегері Самал Нұрғалиева өз сөзінде өздеріне осындай жағдай туғызып отырған Мемлекет басшысы мен облыс әкіміне ризашылығын білдірді.

– Біздің отбасымыз үшін бұл – үлкен бақыт. Біз бұл күнді ұзақ күттік, және бүгін арманымыз орындалды, – деді ол.

Салтанатты шара аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертпен аяқталды. Жаңа қоныс иелерінің қуанышы мен жылылыққа толы осы бір  сәт бұл күнді ұмытылмастай әсерге бөледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар