«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен Сандықтау ауданының Балкашино және Сандықтау ауылдарына көшпелі мобильдік қабылдау ұйымдастырылды.
Көшпелі қабылдау құрамында заңгер, адвокат, облыстық «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбарасы Асқар Әміржанов, облыстық денсаулық сақтау басқарамасы, ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдері қатысып, шалғай ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдап,кеңес беріп, алдағы жұмыстары үшін жазып алды.
Көшпелі кездесу барысында ауылдық округ тұрғындарының көтерген әртүрлі өзекті мәселелер бойынша жүгінді. Алимент өндіру, мұрагерлікті рәсімдеу, тұрғын үйдің құжаттарын реттеу, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие рәсімдеу, жер алу, зейнеткерлік жарналардың дұрыс төленбеуі, елді мекендердегі мәдени ошақтарды күрделі жөндеуден өткізу сынды сұрақтарымен жүгінді.
Балкашино мен Сандықтау ауылдарында өткен көшпелі қоғамдық қабылдау барысында 11 азаматты қабылдап, оның ішінде 9 мәселе бойынша түсініктеме берілді, 2 сұрақ бақылауға алынды. Жиында қойылған сұрақтардың бәрі хаттамаға түртіп алынды. Күрмеуі қиын мәселелердің басшылыққа алынатындығы, ол бойынша алдағы күндері жұмыс жүргізілетіндігі айтылды. Дәл мұндай қоғамдық қабылдаулар жалғасын тауып, басқа да ауылдық округтерде өткізілетін болады.