Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Қазақ жерінде көктемнің бұл жарқын мерекесін ежелден күннің жаңаруы, бірлік пен достық мейрамы ретінде атап өтеді.

«Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен. Қазір әз Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөздері мереке мазмұнын барынша нақты сипаттай түседі. Ертеде Наурыз мейрамы күндері соғыстар, ру аралық қақтығыстар мен дау-дамайлар тоқтап, өзара өкпе-наздар кешіріліп, қарама-қайшылықтар орнына келіп отырған. Мереке адамдарды дастархан басында жақындастырып, олардың бойында бейбіт өмірге, береке мен  бірлікке деген терең құштарлықты оятқан.

Бұл көктем күндері әрбір қазақстандық үшін дәстүрлі құндылықтармен және келешекке берік сеніммен тығыз байланысты болып келеді. Біз өзіміздің үйлерімізді, көшелерімізді тәртіп пен тазалыққа келтіріп, ағаш отырғызуға, бұлақтың көзін ашуға ұмтыламыз. Бір-бірімізге ізгілік пен бақыт тілеп, өзіміздің жан-дүниемізді де тазартуды ойлаймыз.

Қымбатты жерлестер!

Ақмола облысы өзінің әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін мақтан тұтады. Бүкіл елімізбен бірге біз экономикамызды нығайту жолында еңбек етудеміз. Мемлекеттің қолдауы арқасында аймақта агроөнеркәсіптік кешен және өнеркәсіптік кластер белсенді дамып келеді. Еңбек өнімділігі артып, азаматтардың әл-ауқаты жақсара түсуде. Соңғы жылдары облыста ондаған жаңа мектептер, медициналық ұйымдар, бала бақшалары, көптеген шақырым жолдар салынды. Осының бәріне сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің және Ақмола топырағына сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында қол жеткізілді.

Сол үшін сіздерге шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Осы бір жарқын көктем күндеріндегі Наурыз мейрамында сіздерге зор денсаулық, отбасының ынтымақ-берекесін және еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әрбір шаңырақта жарасымдылық пен үйлесімділік және қызық-қуаныш болсын! Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы көркейіп, гүлдене берсін!

***

Құрметті жерлестер!

Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан сіздерді Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – бұл көктемнің, жаңарудың, жаңа бастамалардың символы. Наурыз мейрамы тек қана табиғаттың емес, адамның да жаңаруы мен жаңа мүмкіндіктерге толы кезеңін білдіреді. Бұл мейрамда адамдар бір-біріне жақсылық, бейбітшілік тілейді, ел бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртады.

Халқымыздың ұлы мәдениеті, бай салт-дәстүрі көрініс тапқан Наурыз мейрамы Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерін ұйыстырған ұлық мейрам. Ұлыстың ұлы күнінде ұрпақтар сабақтастығы, достық қарым-қатынастар мен қонақжайлылық салты дәріптеледі. Сондай-ақ, тереңнен тамыр тартатын құндылықтарымыз, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі ерекше салтанат құрады.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті  Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына зор денсаулық, бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар