Спорттық туризм
Наурыз мейрамында Сандықтау ауданы спорттық туризмнен Қазақстан Республикасының ашық чемпионатын қабылдап, шаңғы спорты орталығы мәртебесін растады. Жарыс «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагерінің базасында өтіп, оған еліміздің әр өңірінен 16 команда жиналды.
ҚР Кубогы кезеңінде үш жас санатында 100 қатысушы өнер көрсетті. Олар, ересектер, жасөспірімдер, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының және Жетісу облысының жастары.
Жарыс ұйымдастырушылары – республикалық және облыстық спорттық туризм Федерациясы атап өткендей, чемпионат бұқаралық спорттық туризмді насихаттауға және серпінді дамытуға, туристік көпсайыстан Қазақстанның үздік командаларын анықтауға ықпал етеді. Қысқы жарыс үш жас санатында өтті. Яғни, жеке-командалық, техникалық және кросс-жорық. Барлық қашықтықтар спортшылардың командалық сақтандыру мен өзін-өзі сақтандыруларын ұйымдастыра отырып, өз жабдықтарымен жүреді.
– Ауданда шаңғы туризмінен республикалық чемпионат алғаш рет өткізілуде. Спортшыларға өз жетістіктерін көрсетуге қолайлы климат пен әдемі табиғат себеп болады, – деп атап өтті чемпионаттың бас хатшысы Әсел Шевченко.
Шаңғышылар қарлы орманда бірнеше шақырым жүріп өтіп, қар құрсауына батып, жолдастарын «құтқарды», шартты тар жолмен шаңғымен сырғанау кезінде жақсы техниканы көрсетті.
Чемпионат қорытындысы бойынша ақмолалықтар арасында жеке жетістіктерінде табандылық танытқан жасөспірім қыздар санатында Ұмай Мүталляпова қола медаль жеңіп алса, бірінші орынды Алина Питаева мен Захар Ефремовтар иеленді. Үшінші орынды жасөспірімдер арасында Валентина Кочаненкова қанжығасына байлады. Ересектер санатында тұғырдың үшінші сатысына Аделия Аманжолова көтерілді.
Жасөспірімдер тобындағы мықты командалық рухты «Техникалық қашықтық» және «Кросс-жорық» пәндерінде үшінші орын алған «ФИРН-2» командасы болды. Ал, техникалық қашықтықтағы ересектер санатында «ФИРН» командасы екінші орынды иеленді. Жасөспірімдердің жас тобында техникалық қашықтықта екінші, ал, кросс-жорықта үшінші орынды «ФИРН-3» командасы иеленді. Ал, жас санаттары бойынша есепте үшінші орынды жасөспірімдер мен ересектер, екінші орынды жасөспірімдер бөлісті.
Чемпионат спорттық туризмді насихаттаудағы маңызды қадам болды және қазақстандық шаңғышылардың жоғары дайындық деңгейін тағы да бір дәлелдеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.
9 Total Views , 1 Views Today