Қосшылықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Қосшы қаласында, «Лесная поляна» тұрғын үй массивінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыстық сенбілік өтті. Акция  барысында Қосшы қаласы аумағын қоқыстан тазарту, көгалдандыру және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылып, қала тұрғындарын экологиялық тазалыққа баулу бағытында жүргізілді. Тазалық шарасына  250-ге жуық адам қатысты.  Олардың қатарында қалалық мәслихат депутаттары, «Аманат» партиясының өкілдері, волонтерлер, белсенді жастар және азаматтық қоғам мүшелері болды.

Қосшы қаласында тазалық ацкиялары үнемі өткізіліп келеді. Соның ішінде «таза бейсенбі» және сенбіліктер, сондай-ақ Сарқырама өзені маңын тазарту, тарихи-мәдени нысандарды қалпына келтіру және балалар алаңдарын абаттандыру жұмыстары атқарылып келеді.

«Бүгін «Лесная поляна» шағын ауданында өткен #ТазаҚазақстан экологиялық бейсенбілігі өте сәтті өтті. Қала тұрғындарының белсенді қатысуымен ауламызды тазалап, табиғатымызға деген қамқорлығымызды көрсеттік. Мұндай іс-шаралар қаламызға жаңа тыныс береді», – деді қалалық мәслихат депутаты Сәбит Дүкенбаев.

Ал қалалық мәслихат депутаты Динара Райханова табиғатты таза ұстаудың маңыздылығына тоқталып, Қосшы қаласының тазалығын ұстауға барлық тұрғынын атсалысуға  шақырды.

«Өкінішке орай, қоқыс тастау мен табиғатты ластау әлі де кездесетін жағдайлар. Бірақ егер біз бірлесе күш жұмсасақ, Қосшы қаласын таза әрі әдемі қалаға айналдыра аламыз. Таза қала – бұл жақсы өмір сүру ортасы. Сондықтан, мұндай сенбіліктер тек бір күндік шара емес, тұрақты түрде өткізіліп отыруы керек» – деді ол.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында қосшылықтар ауызбіршілктерін көрсете білді. Олар көпшілкке ас дайындап, түрлі көңіл күй көтеретін шаралар да ұйымдастырды. Қосшы қаласының мәслихат депутаты И.С. Осипова және экологиялық белсенді Шасалим Шагалимовтың бастамасымен мектептер арасында ПЭТ бөтелкелерін жинау бойынша жарыс өтті. Нәтижесінде, 746 кг пластик жиналып, жеңімпаз мектептер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұл үрдіс қала тазалығына арналған шараларға қатысушылар қатарын көбейтуге ынталандырмақ.

6 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар