Баланың алғашқы ұстазы – ата-анасы

Ой салар

Бала өмірінің алғашқы кезеңі оның өмірлік дағдылары мен дүниетанымының қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Осы кезеңдегі ең басты ұстаз – ата-ана. Олар баланың ең жақын тәлімгері ғана емес, сонымен қатар, алғашқы тәрбиесі мен білімінің қайнар көзі.

Баланың алғашқы тәрбиесі отбасында қалыптасады. Ана мен әке арқылы бала адамгершілік, мәдени қарым-қатынас және мінез-құлықтың алғашқы үлгілерін алады. Баланың алғашқы қадамдары, алғашқы сөздері, алғашқы сезімдері – барлығы да ата-ана ықпалының нәтижесі. Олар баланы қоршаған әлемді танып білуге үйретіп, өмірге деген қызығушылығын оятады.

Ата-ананың өз әрекеттері мен сөздері баланың болашақта қандай адам болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Мысалы, бала ата-ананың адалдық, еңбексүйгіштік, мейірімділік сияқты қасиеттерін бойына сіңіреді. Сонымен қатар, олардың теріс әрекеттері де балаға ықпал етуі мүмкін. Сондықтан, кез-келген ата-ана баланың көзінше өз әрекеттеріне мұқият болуы тиіс.

Ата-ана тек баланың тәрбиесіне емес, білім алуына да жауапты. Олар баланың ой-өрісін кеңейтіп, сауат ашуына көмектеседі. Әртүрлі ертегілер оқып беру, ойындар арқылы логикасын дамыту, қоршаған табиғатты таныстыру – баланың дүниетанымын қалыптастырудағы алғашқы қадамдар. Әрбір ата-ана мұны бала тәрбиесінің міндетті алғы шарттары деп білуі керек.

Баланың сұрақтарына шынайы жауап беру, оның қызығушылығын қолдау арқылы ата-ана баланың танымдық қабілеттерін дамыта алады. Баланың білімге деген құштарлығы дәл осыдан басталады.

Бала әдетте кез-келген нәрсені алғаш ата-анасынан көріп үйренеді, содан үлгі алады. Ол ересектердің іс-әрекетін қайталап, олардың өмір сүру салтын ұстануға тырысады. Осыған байланысты ата-ананың өзі балаға үлгі боларлықтай мінез-құлық көрсетуі өте маңызды. Мысалы, бала ата-анасының кітап оқығанын көрсе, ол да оқуға қызығушылық танытады.

Демек, осы айтып жатқанымыздай, баланың алғашқы ұстазы – ата-ана екені еш күмәнсіз ақиқат. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің осы жауапкершілігін дұрыс түсініп, бала тәрбиесіне саналы түрде қарауы тиіс. Бала үшін ең маңыздысы – мейірім мен махаббатқа толы ортада өсуі. Соны сезініп өскен ертеңгі күні жаман болмауы тиіс деген қорытындыға келуімізге болады.

К.ЕФИМЕНКО,
Ақмола облысы кәмелетке толмағандардынң істері жөніндегі
мамандандырылған сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы.

2 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар