Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қолдауымен облыстық полиция департаментінде өткен кеңейтілген ведомствоаралық кеңесте жұртшылық өкілдері мен құқық қорғау органдары аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысты талқылады.
Кеңесті кездесу модераторы, департамент бастығының орынбасары, полковник Серік Әбутәліпов жүргізіп отырды. Биыл елімізде алғаш рет полиция қызметкерлерінің бастамасымен және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қолдауымен барлық деңгейдегі әкімдіктерде құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша әкімдердің кеңесшілері лауазымдары енгізілді.
Жаңадан тағайындалған кеңесшілердің міндеттеріне комиссия отырыстарын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді шешу, жұртшылық кеңестерімен өзара іс-қимыл жасау, құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын зерделеу және жедел ахуалды мониторингілеу кіреді.
Жұмыс кеңесі барысында әкімдердің кеңесшілеріне салтанатты жағдайда тиісті куәліктер табыс етіліп, лауазымдық нұсқаулықтар ұсынылды. «Зиялы қауым» жобасы да Ақмола құқық қорғау органдарының визит карточкасы болып табылады. Полиция қызметкерлері ғана емес, азаматтық қоғам да оны жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс жүргізуде және бұл бірлескен қызметтің нәтижелері айқын.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде 138 Қоғамдық кеңес құрылды, оның құрамына 840 беделді ауыл тұрғындары кірді. Жергілікті жерлерде учаскелік полиция инспекторларымен бірге ақсақалдар дебоширлермен, есепте тұрған адамдармен, жастармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық кеңестер алкоголь өнімін сатудан толық бас тарту бөлігінде жеке кәсіпкерлермен жұмыс жүргізді. Бұл 30 елді мекенде алкогольді сатудан толығымен бас тартуға ықпал етті, бұл қылмыстық жағдайға айтарлықтай оң әсер етті. Сонымен қатар, соңғы екі жылда облыстың 98 елді мекенінде бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.
Жұмыс кездесуі аясында шақырылған қонақтар, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнәр Жанбекова, «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Айгүл Нұрмағанбетова және «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Сұлтанбек Бекешев өз ұсыныстары мен бастамаларын айтты.
Жиын соңында полицейлер тағы да азаматтық қоғамды құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға белсенді қатысуға шақырды.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.