Заң және тәртіп
Көкшетау қаласының білім беру мекемесі 78 миллион теңге бюджет қаражатына мектеп шатырын жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған.
Алайда, қала прокуратурасы мектеп ғимаратының бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілгенін және кепілдік қызметінде тұрғанын анықтады. Сәйкесінше, барлық жөндеу жұмыстары мердігер есебінен жүргізілуі тиіс.
Прокуратура енгізген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша аталған мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапқа тартылды. Ал, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды.
Ақмола облысының прокуратурасы.