Жәрмеңке! Жәрмеңке!

2025 жылғы 5 сәуірде, сенбі күні  сағат 8.00-де Көкшетау қаласының Тәуелсіздік алаңында Аршалы, Атбасар, Астрахан, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарының, сондай-ақ, Көкшетау және Қосшы қалаларының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде 100 тоннадан астам өнім, соның ішінде сиыр еті, 1 сұрыпты ұн, қант, күріш, тұз, күнбағыс майы, макарон түрлері, картоп, қырыққабат, сәбіз өнімдері ұсынылады. Барлық өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан болады.

Жәрмеңкеге жергілікті өндірушілердің брендтік өнімдері мен «НК СПК Kokshe» АҚ тұрақтандыру қорының тауарлары да қойылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар