Кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтарын қорғады.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен «Минеральные источники» ЖШС іске асыратын құны 5 миллиард теңгеден асатын жоба Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген. Алайда, кәсіпкер жергілікті әкімдікке бөтелкедегі ауыз су өндіретін зауыт салу үшін жер телімдерін алуға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету және жобаларды Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібін реттейтін қағидалар арасындағы қайшылықтарға, сондай-ақ, объектіні инвестициялық деп тану туралы шешімнің қажеттілігіне  байланысты бірнеше рет бас тартуларға тап болды. Алайда:

– Ақпараттық жүйелерде қашықтықтан мониторинг арқылы материалдарды зерделеу барысында құрылыс Бірыңғай индустрияландыру картасына  енгізілгендіктен, жобаны инвестициялық деп тану туралы әкімдіктің бөлек шешімі талап етілмейтіні анықталды, – деп мәлімдеді бұл жөнінде департамент басшысы Думан Әбілев.

Осыған байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар негізсіз деп танылып, жергілікті атқарушы органның атына департамент пен прокуратура ден қою актілерін енгізді. Сөйтіп, мәселе нормативтік-құқықтық актілердегі қайшылықтарды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралды.

Нәтижесінде жоғарыдағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру үшін ауданы 7 гектар жер телімдерінің берілуі арқылы кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар