Қысқы маусым дәстүрлі жарыспен аяқталды

Ақ марафон

Ауданда 1988 жылы Калгариде өткен ХV Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Владимир Сахновқа арналған жыл сайынғы дәстүрлі «Ақ марафон» шаңғы жарысы өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Серік Құдабай құттықтау сөз сөйлеп, барлық спортшыларға жетістіктер мен жеңістер тіледі. Ол «Ақ марафон» тек жарыс қана емес, сонымен бірге, бірлік пен достықтың символы екенін атап өтті. Салтанатты шараға атақты биатлоншы, төрт дүркін әлем чемпионы Александр Попов қатысты.

Марафонда әр түрлі жастағы топтарға бөлінген 300-ден астам спортшы бақ сынады. Олардың арасында көпті көрген спорт ардагерлері де болды. Жарысқа қатысушылар елдің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары мен  Астана қаласынан, сондай-ақ, Көкшетау, Степногорск қалалары мен Бурабай, Ақкөл, Зеренді аудандарынан келді. Даңқты жерлестерінің құрметіне өткен шаңғы марафонына сандықтаулық спортшылар да көптеп ат салысты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар