«Арқа төрі — Ақмола»  Ақмола облысы әкімінің  сыйлықақысына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы облыстық байқаудың ЕРЕЖЕСІ

Байқау Ақмола облысының жұмыс істеп тұрған БАҚ журналистері, республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері, штаттан тыс тілшілер, сондай-ақ, облыстың мемлекеттік органдарының баспасөз қызметтері арасында өткізіледі.

  1. Байқаудың ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы  болып табылады.
  2. Байқаудың мақсатыоблыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық  жетістіктерін жария ету бойынша үздік жұмыстарды анықтау.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

 «Еңбегі сіңген еліне»

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өмірдің әртүрлі салаларында жетістіктерге қол жеткізген, үлгі болатын еңбек адамдарына арналған материалдар топтамасы үшін.

 «Үздік талдамалы материал»

Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-танымдық интернет-ресурстарда орналастырылған материалдар топтамасы үшін. Номинацияда мәселелердің көпжақты талдануы, материалда көрсетілген автор қозғаған мәселелер қорытындыларының өзіндік ерекшелігі мен практикалық қолданылуы бағаланады.

  1. «Үздік репортаж»

Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-танымдық интернет-ресурстарда орналастырылған материалдар топтамасы үшін. Номинацияда оқиғаларды жариялаудың сапасы мен объективтілігі бағаланады.

  1. «Жанайдар Мусин атындағы номинация»

Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-танымдық интернет-ресурста жарияланған облыстың әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін ақпараттық жария еткен материалдар топтамасы үшін.

Номинацияда тақырыптың ұсынылу сапасы мен ашылуы, жаңалығы мен өзектілігі бағаланады.

  1. «Үздік аудандық баспа басылымы»

Өтінімді бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе бас редактор береді.

Өтінімге уәкілетті органда басылымды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және PowerPoint немесе PDF форматында жобаларды, айдарларды, авторларды және өзге де мәліметтерді, оқиғаларды, сондай-ақ, басылымның екі нөмірінің PDF форматындағы сканерленген нұсқасын немесе электрондық нұсқаға белсенді сілтемені қоса бере отырып, басылым қызметін сипаттайтын маңызды фактілерді көрсете отырып, 12 беттен аспайтын презентация қоса беріледі.

Номинацияда тақырыптар мен бағыттардың ашылуы, тақырыптар мен оқиғалардың сапалы қамтылуы, сондай-ақ, басылымның кезеңділігі бағаланады.

  1. «Үздік бейнетүсірілім»

Өтінімге телеарнада  шыққан бейнематериалдар және эфирлік анықтама қоса ұсынылады. Теледидар мазмұнын бейнематериалдарды құрудың сапалы тәсіліне назар аударылады.

 «Үздік теледидарлық бағдарлама»

Өтінімге құрамында жарнамалық материалдар мен тайм-кодтар жоқ бейнематериалдар және эфирлік анықтама қоса ұсынылады. Теледидар контентін жасаудың сапалы тәсіліне; өндірістің әр кезеңінің кәсіби деңгейіне; ТВ өнімінің көркемдік және қоғамдық құндылығына назар аударылады.

  1. «Үздік баспасөз-қызметі»

Бұл номинацияға мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың баспасөз хатшылары немесе баспасөз қызметтері қатыса алады.

Өтінім баспасөз хатшысының немесе баспасөз қызметінің қызметі мен жетістіктерін сипаттау түрінде ұсынылады (бастамашылық жасалған жарияланымдар саны, баспасөз беттерінде баспасөз хатшысының немесе ньюсмейкердің аты-жөні, беделді басқару жөніндегі іс-қимылдар, мемлекеттік органның имиджін өзгерту және т. б. сипатталған қызметті растайтын дереккөздерге, рейтинг деректеріне және жарияланымдардың үлгілеріне барлық ықтимал сілтемелер бере отырып).

Аталған номинацияның жеңімпазы ішкі саясат басқармасының сайтында БАҚ журналистері мен меншікті тілшілері арасында дауыс беру арқылы айқындалатын болады.

  1. «Ауыл ел бесігі»

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттыру сұрақтарына арналған материалдар топтамасы үшін.

  1. «Үздік подкаст»

Өтінімге жоба туралы ақпарат (подкаст) PowerPoint немесе PDF форматында 10 беттен аспайтын, жобаның атауы, авторлар, жүргізушілер, шығармашылық топ және өзге де мәліметтердің, эфир сілтемесімен қоса жобаның өзін сипаттайтын оқиғалар мен маңызды фактілер көрсетіле отырып қоса беріледі.

  1. Байқауға журналистердің 2024 жылғы 16 маусымнан бастап 2025 жылғы 14 маусымға дейінгі кезеңде жарияланған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баспа БАҚ-тағы авторлық жұмыстары, бейнесюжеттер, телебағдарламалар, электрондық БАҚ-тағы материалдар қабылданады.
  2. Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

— ұсынылатын материалдардың тізбесі көрсетілген қатысуға толтырылған өтінім;

— рәсімделген байқау жұмысы;

— жұмыс орнынан анықтама;

— жеке куәліктің көшірмесі;

— журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат.

Байқауға аудиовизуалды жұмыстар интернет-сайтта орналастырылғанын растай отырып, эфирлік анықтамалармен сүйемелдене  флеш-тасымалдағыштарда қабылданады.

Баспа жұмыстары газет немесе өзге де жарияланымдары (көшірмелері) бар альбом немесе файлдары бар папка түрінде ұсынылуы тиіс (материалдың атауын, баспаға шығу нөмірін және күнін, радио немесе телеэфирді көрсете отырып). Ақпараттық агенттіктердегі материалдар — интернеттегі материалдарды орналастыру мекен-жайына сілтеме жасай отырып, материалдың электрондық нұсқаларын жариялау түрінде.

  1. Өтінімдер мен байқау жұмыстары ішкі саясат басқармасына 2025 жылғы 15 маусымға дейін ұсынылады (Сәтпаев к-сі, 250-кабинет, тел 72-20-05, 40-12-07).
  2. Байқауға қатысуға өтінім байқаудың атауы мен жіберушінің байланыстары көрсетіле отырып, қолма-қол немесе пошта арқылы жабық конвертте беріледі.
  3. Байқау жұмыстары рецензияланбайды және қайтарылмайды.
  4. Байқауға бір номинацияда кемінде 5 жұмыс ұсынады.
  5. Алдыңғы байқаулардың жеңімпаздары сол номинацияға қатысуға құқығы жоқ.
  6. Байқауға қатысушы бірнеше номинацияларға қатыса алады.Әрбір номинация үшін құжаттардың жеке тізбесі мен өтінім қалыптастырылады.
  7. Өткізу тәртібі және қорытындылау:

1) Байқау материалдарын қарастыру және номинацияларды беру үшін байқау комиссиясы құрылады.

2) Комиссия мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері, журналистика ардагерлері және т.б. болып табылады.

3) Байқау қорытындыларын комиссия қарастырып, бекітеді. Номинацияны беру туралы шешім байқау комиссияның отырысында көпшіліктің дауыстарымен, комиссия құрамының  2/3 бөлігінен кем емес болған жағдайда қабылданады және хаттамамен рәсімделеді.

4) Нақты номинация бойынша жеңімпаздарға лайықты үміткерлердің болмауы жағдайында комиссия қаражатты басқа номинацияларға немесе ынталандыру сыйлықақыларына берілуі туралы шешімді қабылдауға құқылы.

5) Комиссия мүшелері байқауға қатыспайды.

6) Байқаудың соңғы қорытындысы 2025 жылғы маусымның үшінші онкүндігінде шығарылады  және ішкі саясат басқармасының сайтында орналастырылады.

7) Байқау комиссиясы байқауда қосымша номинациялар құруға құқылы.

8) Байқаудың 10 жеңімпазына 300 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табыс етіледі. Төлем шілде айында жүргізіледі.

9) Байқау ұйымдастырушыларымен 200 000 теңге сомасына сертификаттарды тапсырумен қосымша 10 ынталандыру номинациясы  қарастырылған. Төлем шілде айында жүргізіледі.

10) Жеңімпаздарды марапаттау бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған облыстық іс-шарада өтеді.

 

Облыстық «Арқа төрі — Ақмола» конкурсының
Ережесіне  қосымша

  «Арқа төрі — Ақмола» облыстық конкурсқа қатысуға өтінім

  1. Қатысушының Т.А.Ә. ____________________________________________________________
  2. Қатысушының лауазымы, жұмыс орны (БАҚ атауы)

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Өтінім беру номинациясының атауы ________________________________________________________________________________________________________________________
  2. Материалдардың атауы

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Байланыс деректері

(тел. нөмірі, эл. мекен — жайы) ________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Өтінім берілген күн ____________________________________
  2. Қатысушының қолы____________________________________

2 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар