Күй құдіреті – өнер өркені

Байқау

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында көрнекті композитор, дәулескер күйші және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Күй дастан» атты қалалық домбырашылар байқауы өтті.

Байқауға 7 жастан 21 жасқа дейінгі үш жас санатындағы  үміткерлер қатысты. Әр қатысушы екі шығармадан орындады. Оның біреуі Нұрғиса Тілендиевтің күйі, ал, екіншісі, қазақ халық музыкасының репертуарынан музыкалық композиция.

Байқауда жас орындаушылар домбырада ойнау шеберлігін көрсетіп қана қоймай, өздері тартқан күйлердің философиясы мен мағынасының тереңдігін де таныта білді. Олар өздері орындаған шығармаларына бар жандарын салып, сол арқылы қазақ музыка мәдениетінің құдіретін аша білді.

Байқау қорытындысында сөйлеген қазылар алқасының төрағасы, белгілі музыкант және педагог Кенжебай Мұқышев сөзінде:

– Бұл домбырашылар байқауы Қазақстанның бірегей музыкалық мұрасын сақтауға және насихаттауға ықпал ететін маңызды шара болды. Бүгін біз жаңа таланттарды ашып қана қоймай, қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің бай мұрасын еске алдық. Біз осылай құдіретті күй дәстүрін әрі жалғастырып, жас орындаушыларды шығармашылық жетістіктерге шабыттандырғанымызды мақтан етіп тұрмыз, – деді.

Орындаушылардың әр жас санаттары бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

5 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар