Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Еңбек Жолы» конкурсына қатысу үшін үміткерлерден өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинацияларынан тұрады.
Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурс 2 кезеңде өтеді: «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын облыстық және республикалық деңгейде іріктеу. Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды.
Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады.
- «Үздік еңбек әулеті» — ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
- «Өндірістің үздік жас қызметкері» — өндірістің еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.
- «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» — кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады.
«Еңбек Жолы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделген үміткерлердің материалдарын аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қолма-қол ұсынуы қажет.
Еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ, ынталы жас қызметкерлерді және олардың тәлімгерлерін Конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.