Студенттерге «Заң және тәртіп» қағидаттары  түсіндірілді

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті алаңында  «Заң және тәртіп» принциптері талқыланды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында кездесу дөңгелек үстел форматында өтіп, заң бұзушылықтың алдын алу, оған қарсы күрес, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тиімді шаралар қолдану мәселелері талқыланды. Құқық кафедрасының оқытушылары заң және тәртіп қағидалары студенттердің құқықтық санасын арттыруға, заңдылықты сақтау мен қоғамдағы тәртіптің маңыздылығын түсіндіруге сеп болатынына сенімді.

«Құқық мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер үшін мұндай кездесулердің үлкен пайдасы бар», – деді құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Динара Мүсіпова.

Кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Сәлімгерей Қарақұшев та заң сақталған қоғамда тәртіп те орнайтынын сеніммен айтты.

«Қазіргі қоғамда қауіпсіздік, тұрақтылық пен жеке тұлғаның құқықтарын қорғау – басты басымдықтардың бірі. Бұл процестің өзегінде – заң мен тәртіп тұрады. Президент Ұлттық құрылтайда да заң мен тәртіпті ел дамуының іргетасы ретінде атады. Әсіресе бұл ұстанымды жастарға жеткізу маңызды. Біздің университетте академиялық адалдық қағидаттарын жүзеге асыру – осы идеологияның бір көрінісі», – дед ол.

Іс-шарада облыстық Полиция департаментінің жедел уәкілі, аға лейтенант Кеңес Алдияр алаяқтық мәселелері бойынша баяндама жасады. Ол студенттер мен оқытушыларға алаяқтардан қорғану жолдарын түсіндіріп, арнайы бейнероликтер мен нақты мысалдар арқылы ақпарат ұсынды.

«Былтырғы жылдың өзінде интернет-алаяқтардың елге келтірген шығыны бір миллиард теңгеден асты. Бұл – бір шағын ауданның құрылысын салуға болатын қаражат. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін онлайн қызметтерді пайдаланған кезде әрбір әрекетке мұқият болыңыздар, күмәнді сілтемелерді баспаңыздар, – деді Кеңес Алдияр.

Дөңгелек үстел нәтижесінде заң мен тәртіп қағидаттарын қоғамда кеңінен насихаттау, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында бірқатар ұсыныстар жасалды.

7 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар