Қонақтар сәл басым түсті

Қазақстан ұлттық құрамасының әлем чемпионатының іріктеу ойындары аясында алғашқы кездесулерін өткізуіне байланысты футболдан жарты айға жуық үзіліс алған Премьер-Лига біріншілігіндегі матчтар қайтадан жалғасты.

Осыған байланысты өткен сенбіде Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында төртінші тур ойындарында Қостанайдың «Тобылын» қабылдады. Өте тартысты өткен матч кездесудің 93-інші қосымша минутында Зуевтің соққан жалғыз голымен қонақтардың пайдасына шешілді. Бұл ойында жерлестеріміздің өте  жинақы ойнап, азулы қарсыластарына қарсы жақсы өнер көрсете білгендерін айта кету керек. Бүгінгі таңда «Оқжетпес» бір жеңіс, бір тең ойынмен және екі ұтылыспен турнир кестесінің сегізінші сатысында келеді.

Сенбі, жексенбі күндері өткен бұл төртінші турдың қалған ойын нәтижелері мынадай: «Елім-ай» – «Ұлытау – 3:0, «Ақтөбе» – «Қайсар» – 4:1, «Атырау» – «Қайрат» – 1:4, «Қызылжар» – «Тұран» – 2:3, «Астана» – «Ордабасы» – 2:1,  «Жетісу» – «Жеңіс» – 0:0.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар