Бүгін, 8 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өтеді.
Күн тәртібінде туризм саласын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралмақшы.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев пен Туризм комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ, UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Ал, баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүзеге асырылады.