Жүздесу
Тек еңбекпен ғана өмір жемісті болмақ. Тек еңбек қана қиындықты жеңбек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады.
Көкшетау қалалық Застанционный үлгілі кітапханасы осыған байланысты «Еңбек елдің мұраты» жобасы аясында «Еңбек түбі – береке» атты кездесу өткізді. Іс-шараның қонақтары №14 жалпы білім беретін мектептің қызметкері Жәдігер Болатұлы Әбітаев, Көкшетау қаласындағы №18 «Мирас» бөбекжайы тәрбиешісінің көмекшісі Салтанат Серікболқызы Салиева өз еңбек жолдарына тоқталып, оқырмандарға жылы лебіздерін білдірді. Жәдігер Болатұлы еңбекті сүюге, одан қорықпау, білімді, ақылды азамат болуға шақырды.
Мектеп оқушылары қонақтарға өз сұрақтарын қойды. Әнел Азбергенова, Зере Бөгембай, Раяна Жұмабай еңбек жайлы өлеңдерін оқыды. Іс-шара барысында кеш қонақтарына «Туған жер» атты музыкалық ән сыйға тартылды.
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, ол еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол. Өмір жолы жемісті болып, еліне, халқына шарапаты тиеді. Сондықтан да, еңбек түбі – береке екенін жадымызда ұстаған абзал.
Қарлығайын НӘКЕШОВА,
Застанционный үлгілі кітапханасының меңгерушісі.
Көкшетау қаласы.
3 Total Views , 1 Views Today