Көктемгі су тасқынының беті қайтып келеді

Ақмола облысында су тасқынының белсенді фазасы аяқталып келеді.

Ендігі арада су тасқыны кезеңі басталғалы жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері 2 миллион текше метр су сорып шығарды, 200 мыңнан астам қап төселді, сондай-ақ бөгеттерді нығайту үшін 3 мың тоннадан астам инертті материал пайдаланылды.

Ауа температурасының күрт жылуы мен аймақтағы  жауын-шашын биыл да көктемгі су тасқынына әсер етті, әсіресе, Бұланды ауданында жағдай күрделене түсті.

Қазгидрометтің мәліметі бойынша қысқа мерзім ішінде жауған жауын-шашын мөлшері бір жарым айлық норманың 170 пайызын құрады. Бұл су қоймаларының тез толуына әкеліп, су өткізу жүйелерінен артық судың тасуына себеп болды. Су тасқынының салдарын жою бойынша жедел шаралар қабылданды, соның нәтижесінде бүгінгі таңда халықтың тіршілігіне қауіп төнбейді.

Облыстың басқа өңірлерінде, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде су басу қауіпі барынша азайтылды немесе толығымен жойылды. Дегенмен, жыл сайын қайталанатын су тасқынының салдарынан 8 ауданның 24 елді мекені көлік қатынасынсыз қалып отыр. Бұл ауылдарға қажетті дәрі-дәрмектер мен азық-түлік жеткізілді, сондықтан, күнделікті өмір  сүруге қажет азық-түлік, басқа да керек-жарақтан тапшылық байқалмайды. Мұнымен бірге, жоғарыдағыдай елді мекендерде уақытша жол белгілері қойылып, тәулік бойы бақылау постары жұмыс істейді.

Облыс бойынша су тасқынымен күреске 500-ден астам адам, 300 техника, 55 мотопомпа және 16 су көлігі тартылды. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің гарнизондарынан, Астана қаласы мен Қарағанды облысынан, сондай-ақ, Ақмола облысының аумақтық қорғаныс бригадасынан күштер мен құралдар көмекке келді.

Жалпы, жағдай бақылауда, осыған қарсы іс-шаралар әлі де жалғасуда.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар