Ауыл мен қалада бала оқытқан

Оқушыларына ауылдық жерде білім беретін мұғалімдер осындай елді мекендерде ұстаздық мол тәжірибе жинақтап, кейін оны кез-келген ортада ойдағыдай қолдана алады. 2000 жылдардың басында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Мортық ауылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген Әсем Құсниденқызы Кәмалиденова кейін  Көкшетау қаласына қоныс аударып, №5 көпсалалы «Таңдау» мектеп-гимназиясына мұғалім болып жұмысқа орналасты.

Өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арқасында ол осы уақыт  ішінде шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беруімен бірге, біліктілігін де жетілдіріп, зерттеуші санатына ие болды. Бұл ұмтылысы текке кетпеген ұлағатты ұстаз мектеп-гимназия директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына қол жеткізіп, бүгінгі таңда білім саласында жемісті еңбегімен көзге түсіп келеді.

Суретте: Әсем Кәмалиденова.

Суретті түсірген Нұрболат БЕКТҰРҒАНОВ.       

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар