Ақмолалық каратэшілер: әлем чемпионатынан – 9 алтын

Бәрекелді!

Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде 12 елден 730 спортшы қатысқан каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық каратэшілер бұл жолы керемет нәтижелер көрсетті. Сөйтіп, 13 алтын, 15 күміс және 15 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте екінші орын алды.

Турнирдің көшбасшылығы Ресей құрамасына бұйырып, ал, үшінші орын Армениядан келген спортшыларға бұйырды.

Бұл жетістік спортшылардың қажымас еңбегін, сондай-ақ, жаттықтырушылар штабының үйлесімді жұмысы, дене шынықтыру және   спорт басқармасы, жоғары шеберлік спорт мектебі мен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшылығының қолдауының арқасында мүмкін болды. Қазақстан құрамасының тоғыз мүшесі ақмолалықтар. Олар алтын медальдармен оралды.

Көкшетаулықтар қазақтың салты бойынша өз батырларын аса қуанышпен, жылы қарсы алды. Келісімен спортшылар бірден туыстарымен, жақындарымен қауышты. Балаларды жоғары жетістіктерімен облыстық каратэ-шотокан федерациясының, жоғары спорт шеберлігі және балалар спорт мектептерінің  басшылары құттықтады.

Жарыстан алтын медальмен оралған он бес жасар Карина Келдібекова өзінің  алған әсерлерімен былай бөлісті:

–Мен каратэ-до штоканмен  6 жыл айналысып келемін. Бұл менің екінші халықаралық жарысым. Әлем чемпионаты жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті. Турнирде әлсіз қарсыластар болған жоқ. Барлығы жеңіс үшін жанын салып күресті. Мен бес жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңдім. Бұл менің ең үлкен жеңісім және мен оны мақтан тұтамын!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар