Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны қамтамасыз етілуде

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша болжам және 2026 жылы экономикалық өсуді қолдаудың тәсілдері қаралды. Өңдеу өнеркәсібінде 11 айғы қорытынды бойынша НКИ 105,9 пайыз.

Өсу жыл қорытындысы бойынша 6 пайыз деңгейінде болуы мүмкін.

2025 жылғы қорытынды бойынша негізгі өңдеу салалары динамикасы болжамы:

металлургия (өңдеу құрылымында 40 пайыз) – өсу 1,1пайыз,

машина жасау (17,5 пайыз) – өсу 12 пайыз,

тамақ өнеркәсібі (13,1 пайыз) – өсу 9 пайыз,

құрылыс материалын өндіру (5,6 пайыз) – өсу 6 пайыз,

химия өнеркәсібі (5,4 пайыз) – өсу 6 пайыз,

жеңіл өнеркәсіп (0,7 пайыз) – өсу 5 пайыз.

Штаб отырысында негізгі экономикалық өсу драйверінің бірі ретінде өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту болжамына ерекше назар аударылды. Түсті және қара металлургияны дамыту перспективасы, «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша қаржыландырылатын жобаларды іске асыру, өңірлердегі инфрақұрылымның жай-күйі және сала өсімінің тұрақтылығына әсер ететін басқа да факторлар қаралды.

Өңірлердің ресурстық және инфрақұрылымдық әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып, вице-премьер экономикалық өсу үшін аса маңызды, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалын өндіруді қолдау шараларына назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын дайындауды тапсырды.

Сауда-саттықта НКИ 11 айда 8,8 пайыз өскен кезде жыл қорытындысы бойынша 8,9 пайыз болуы мүмкін. Сауданың өсуіне жинақталған үлестің шамамен 72 пайызыын бес аймақ қамтамасыз етеді:

Алматы – 24,6 триллион теңге (автомобильдер, машиналар мен жабдықтар саудасы, фармацевтикалық өнімдер, шоколад);

Астана – 10,9 триллион теңге (табиғи газ, дизель отыны, авиациялық бензин мен керосин, ет және сүт өнімдерін сату);

Атырау облысы – 6,7 триллион теңге (мұнай өнімдері, машиналар мен жабдықтар);

Қарағанды облысы – 4,5 триллион теңге (фармацевтикалық тауарлар, машиналар мен жабдықтар, косметикалық өнімдер);

Шымкент – 3,6 триллион теңге (фармацевтикалық өнім, ЖЖМ, АӨК өнімі).

760 мыңға жуық бизнес субъектісі бар бөлшек сауда құрылымында жеке кәсіпкерлердің тауар айналымы 10 пайызға өсіп, 8,2 триллион теңгеге жетті. Жедел деректер бойынша, 11 айдағы онлайн сату көлемі 3,3 триллион теңге. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14,4 пайызға артық.

Ауыл шаруашылығы барлық бағыт бойынша тұрақты өсуді көрсетеді. 11 айғы қорытынды бойынша НКИ 106,1 пайыз. Өсу жыл қорытындысы бойынша 5 пайыз деңгейінде. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 3 пайызға артық.

Орташа республикалық деңгейден жоғары өсу Ақмола (115,7 пайыз), Қостанай (115,4 пайыз), Солтүстік Қазақстан (110,5 пайыз), Павлодар (108,2 пайыз), Атырау облыстарында (107,4 пайыз) тіркелді.

Дәстүрлі дақылдардың тұрақты жоғары өнімділігі аясында биыл жоғары маржиналды майлы және бұршақ дақылы айтарлықтай өсуге әсер етті. Бұршақ дақылынан 1,1 миллионнан асатын рекордтық өнім алынды. Алғаш рет майлы дақыл өндірісі көлемі 4,7 миллион тоннаға жетті. Мақта жинау – 428 мың тонна. Оның өнімділігі гектарына 29,6 центнер. Бұл – соңғы 18 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

primeminister.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар