Аудандық ауруханаларға да жаңару кезегі келді

Жуырда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова  Ақкөл аудандық ауруханасының жөндеу жұмыстарымен   танысты.

Өңірдің 22,5 мың тұрғынына медициналық көмек көрсететін аурухананың бүгінгі күнге дейін жылу, су және электрмен жабдықтау жүйелері іске қосылып, соңғы жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Ақкөл және Шортанды аудандарындағы аудандық ауруханалардың жөндеуін сапалы әрі уақытылы аяқтау үшін тиісті қаржы бөлінді, қажет болса мамандарды да тартамыз. Жөндеудің барысы мен сапалы медициналық қызмет көрсету мәселелері ұдайы облыс басшысының жеке бақылауында,  – деді Алтынай Әміренова.

Ауруханалар маусым айында дайын болғаннан кейін, ондағы бөлімшелердің толық жұмыс істеуі үшін осы заманғы медициналық жабдықтар сатып алынады. Жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындарға медициналық қызмет штаттық режимде көрсетілуде.

Ақкөл ауданында халыққа дәрігерлік қызмет сонымен қатар, 3 амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік және 15 медициналық пункт арқылы да көрсетілуде. Ал, 26 мың халқы бар Шортанды ауданының тұрғындары үшін 8 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт және 15 медициналық пункт жұмыс істейді. Бұл туғызылған жағдай екі ауданның да тұрғындарының медициналық қызметпен толыққанды қамтылуына қол жеткізіп отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар