Қонақ үй бизнесін бірлесіп дамытуға мүдделі

Ынтымақтастық

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов Еуропадағы ең ірі қонақүй операторларының бірі саналатын Испанияның Barceló Hotel Group компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу Aqmola Invest алаңында өтті. Тараптар Щучье-Бурабай курорттық аймағының туристік әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Щучье көлі жағалауындағы қонақ үй инфрақұрылымы жобаларын іске асыру және халықаралық оператордың қатысуымен кешенді туристік шешімдерді қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Кездесудің негізгі тақырыбы Burabay Golf Club жобасын дамытуға қатысты болды. Талқылауға «QazaqGaz» ҰК» және «ҚазМұнайГаз Сервис NS» акционерлік қоғамдарының өкілдері де қатысты. Ұлттық компаниялар курорттық аймақтағы ілеспе инфрақұрылымды дамытуға және бірлескен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын жеткізді.

Аталған шетелдік компания өңірдің инвестициялық әлеуетін зерделеуге және Қазақстан нарығына қатысудың әртүрлі форматтарын, соның ішінде қонақ үйді басқару моделін қарастыруға мүдделі екенін тағы бір растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдегі туризм және қонақжайлылық саласындағы перспективалы жобаларды жан-жақты пысықтау жұмыстарын жалғастыруға уағдаласты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар