Күн тәртібінен түспейтін мәселе

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Оған аудандар мен қалалар әкімдіктерінің, аумақтық департаменттердің, облыстық басқармалардың  және мемлекеттік ұйымдардың жетекші өкілдері қатысты. Отырыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары, Ақмола облысы бойынша сот сараптамасы институты қызметін талдау, сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» базалық бағытын іске асыру мәселелері қаралды.

–Мемлекет басшысы құқықтық мемлекет құру үшін бұл үдеріске қоғамды барынша тарта отырып, сыбайлас жемқорлықтың түпкілікті себептерін жою қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың ықтимал қаупін анықтау мониторинг пен талдау арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың алға қойған міндеттерін іске асыруда әрбір мемлекеттік қызметшінің дербес жауапкершілігін ескеру қажет, – деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрқат Батырқұлов, Ақмола облысы бойынша сот сараптамасы институтының директоры Еркебұлан Мұқанов және облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Әсел Қызкенова баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша ұсынымдардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету және жоспарлы іс-шаралар бойынша жүргізілетін жұмысты жандандыру тапсырылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар