Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің «Қызмет» салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы атынан берілетін «Еңбек және кәсіподақ ардагері» медалін мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан елеулі үлесі, көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Сәуле Байымбетоваға табыстады.
Сәуле Амантайқызы еңбек жолын 1986 жылғы 1 мамырда «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бастап, бүгінгі күнге дейін өз міндеттерін адал, әрі жауапкершілікпен атқарып келеді. Осы еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі 40 жылды құрайды.
Аудан әкімі марапат иесін лайықты наградасымен құттықтап, көп жылғы мінсіз еңбегі, таңдаған ісіне деген адалдығы, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ оның мол тәжірибесі, біліктілігі мен мемлекеттік қызметке деген адал еңбегі әріптестеріне үлгі болып, мемлекеттік қызметтің дамуына зор үлес қосып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Сандықтау ауданы
![]()

