Балаларға қолдау – болашаққа инвестиция

Бүгін «Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалында «Мектепке нық қадаммен!» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Игі бастама аясында әлеуметтік осал топтарға жататын және көпбалалы отбасылардан шыққан, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа баратын 16 балаға қажетті мектеп құрал-жабдықтары табысталды.

Балаларға мектепке қажетті құралдарды өңір кәсіпкерлері, сондай-ақ қалалық және облыстық мәслихат депутаттары табыстады. Аталған қолдау бүлдіршіндердің жаңа оқу жылын қажетті құралдармен, көтеріңкі көңіл-күймен және өзіне деген сеніммен бастауына мүмкіндік береді.

Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, балаларға қамқорлық таныту және қоғамдағы қайырымдылық пен өзара жауапкершілік құндылықтарын нығайту.

«Балаға көрсетілген әрбір қолдау – оның болашағына жасалған маңызды инвестиция. «Мектепке нық қадаммен!» акциясы арқылы біз әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен, қажетті құрал-жабдықтармен және өзіне деген сеніммен бастауға мүмкіндік беруді көздейміз. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан бүгінгі акцияны жас ұрпаққа жасалған кішігірім болса да маңызды инвестиция деп бағалаймын. Осындай игі бастамалар қоғамдағы өзара жанашырлық пен жауапкершілікті арттыра түседі», деп атап өтті «Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов:

Өз кезегінде, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Алтын Мустафинова №4 арнайы мектеп-интернаты директоры балаларға көрсетілетін қолдаудың маңыздылығын атап өтті:

«Балалар – біздің болашағымыз. Оларға жасалған кез келген қамқорлық пен қолдау – ертеңгі күнге салынған инвестиция. Бүгінгі акция балаларға қажетті мектеп құралдарын сыйлап қана қоймай, олардың жүрегіне қуаныш ұялатып, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына ықпал етеді. Осындай қайырымды істер арқылы балалар өздерінің қоғам назарында екенін, оларға қолдау көрсететін жандардың бар екенін сезінеді. Бұл – тәрбиелік тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да өте маңызды».

Акция барысында кәсіпкерлер мен мәслихат депутаттары бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, білім жолындағы алғашқы қадамдарының сәтті болуына ізгі тілектерін білдірді.

«Мектепке нық қадаммен!» акциясы – балаларға қамқорлық көрсетіп, отбасыларға қолдау білдірумен қатар, жас ұрпақтың жарқын болашағына үлес қосуға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама.

Балалар – біздің болашағымыз. Ал бүгін оларға жасалған әрбір қолдау – сол болашаққа салынған нық қадам.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар