Әр балаға қолайлы білім беру ортасы

Балкашино ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
Бүгінде Сандықтау ауданында ерекше білім беруді қажет ететін 300-ге жуық бала тұрады. Олардың шамамен 170-і ауданның білім беру ұйымдарында білім алуда. Әрбір санның артында өзіндік қабілеті, қызығушылығы, арманы мен мақсаты бар, түсіністікке, назар мен қолдауға мұқтаж нақты бала тұр.
2021 жылдан бастап ауданның төрт мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері жұмыс істеп келеді. №2 мектепте ашылған жаңа кабинет осындай бесінші кабинет болды. Ол балалармен жеке және топтық сабақтар өткізуге қажетті заманауи арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Кабинетте оқушылардың қабілеттерін ашып, дамытуға, оларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, сондай-ақ мамандар, педагогтер мен ата-аналар арасында тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге барлық қажетті жағдай жасалған.
Сандықтау ауданының әкімі С.К. Құдабайдың атынан аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова іс-шараға қатысушыларды құттықтап, инклюзивті білім беруді одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Жаңа кабинеттің ашылуы Сандықтау ауданында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту және әрбір балаға тең мүмкіндік жасау жолындағы кезекті маңызды қадам болды.

Сандықтау ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар