Silk Way Star екінші маусымының премьерасы Қытайда өтті

– Қытайда Silk Way Star халықаралық музыкалық байқауының екінші маусымының алғашқы шығарылымы эфирге шықты. Бағдарлама Қытайдың CCTV-3 (Variety Channel) және CCTV-15 (Music Channel) телеарналарында, сондай-ақ CCTV.com және CCTV Arts цифрлық платформаларында көрсетілді.

Жобаға 12 елден — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Малайзия, Түркия, Сербия, Оңтүстік Африка Республикасы, Жаңа Зеландия, Бразилия және Грузиядан өнерпаздар қатысты.

Қазақстан атынан байқауға Рухия Байдүкенова қатысып, қазақтың халық әні «Бұлбұлды» орындады. Ол Silk Way Star байқауының екінші маусымындағы алғашқы турдың жеңімпазы атанды.

Халықаралық музыкалық жобаны Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені China Media Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Байқау әртүрлі елдердің өнерпаздары мен музыкалық дәстүрлерін бір сахнада тоғыстырады.

Айта кетейік, 2025 жылы өткен байқаудың жеңімпазы Моңғолиядан келген Мишель Жозеф болды.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар