Алдымызда жаңа міндеттер мен елеулі белестер тұр. Сіздердің тәжірибе, білім мен бірлескен еңбектеріңіздің арқасында бұл міндеттерді абыроймен орындай аламыз. Біз мұнай өндірумен ғана шектелмей, саланы кешенді түрде дамытып келеміз. Былтыр еліміздің мұнай өңдеу зауыттарында он сегіз бүтін төрт миллион тонна мұнай өңделді.
Мұнай-газ химиясы мен газ саласын да дамытып, жаңа өндірістер мен жұмыс орындары ашылуда. Табиғи газ қолжетімді болуда. Бүгінде елімізді газдандыру деңгейі алпыс төрт пайыздан асты. Он үш миллионнан астам азаматымыз табиғи газдың игілігін көріп отыр.
Біздің міндетіміз – газбен еліміздің барлық тұрғындарын қамтамасыз ету. Осы жетістіктердің барлығы сіздердің арқаларыңызда мүмкін болды. Әрбір көрсеткіштің артында адамдардың білімі, тәжірибесі мен еңбегі тұр. Ардагерлерімізге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сіздер мұнай-газ саласының негізін қаладыңыздар. Бұл мол тәжірибе біз үшін әрдайым үлкен құндылық болып қала бермек.
Дәл қазір кен орындары мен зауыттарда еңбек етіп, Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген әрқайсыңызға алғыс айтамын. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, әр отбасыға амандық, бақ-береке, молшылық пен сенім тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым қауіпсіз, жобаларыңыз табысты болсын! Кәсіби мереке құтты болсын!
![]()

