Ақмола облысының тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым мәселелері бойынша «iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады.
Байланыс орталығы келесі бағыттар бойынша өтініштерді қабылдайды:
- Электрмен жабдықтау — кернеудің ауытқуы, электр энергиясының өшуі;
- Сумен жабдықтау — судың болмауы, су қысымының төмендігі;
- Жылумен жабдықтау — жылыту батареяларының суық болуы, жылу желілеріндегі апаттар;
- Лифт шаруашылығы — лифттердің істен шығуы және тоқтап қалуы;
- Аулаларды абаттандыру және санитарлық тазалау;
- Құдықтар мен люктердің жай-күйі;
- Жол инфрақұрылымы — жолдар мен тротуарлардың жай-күйі және оларды жөндеу қажеттілігі;
- Қоғамдық көлік — маршруттар мен қозғалыс кестесіне қатысты мәселелер;
- Ветеринариялық қызмет — қараусыз қалған жануарларды аулау;
- Туристік нысандар — Ақмола облысының туристік көрікті жерлері туралы ақпарат.
Бірыңғай байланыс орталығына 109 тегін нөмірі арқылы хабарласуға болады. Қызмет тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді.
Сонымен қатар, байланыс орнатудың қосымша арналары қолжетімді:
- Telegram-бот: @IKOMEK109AQMOLABOT;
- Instagram: @ikomek109aqmola.
«iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығы — туындаған мәселе туралы хабарлаудың, қажетті ақпарат алудың және оны шешу үшін өтініш жолдаудың ыңғайлы тәсілі.
Байланыс деректерін сақтап, жақындарыңызбен бөлісіңіздер!
Дереккөз: gov.kz
![]()

