Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал бауыздамақ һәм адал малдың арам нәрселері - АРҚА АЖАРЫ

Мал бауыздамақ һәм адал малдың арам нәрселері

Мал бауыздағанда бисмил-лаһи Аллһу акбару деп, өндіршек пенен жұтқынның екі арасынан бауыздайды. Түйені өндіршектен бауыздайды. Бауыздағанда өңеш, кеңірдек, екі күре – төртеуін қияды. Үшеуі қиылса адал, екеуі қиылса арам болады. Жолында жаны бар күнінде қимайды. Онда мәкүрік болады. Жұтқын кеуде жақта қалса да мәкүрік болады. Бауыздаудың шарты бисмиллаһи айтпақ, күре тамырды қимақ, өндіршек пенен жұтқын арасынан бауыздамақ. Соны білсе ұрғашының, баланың бауыздағаны бәрі адал. Бауыздауын құбылаға қаратқан жақсы. Бірақ қаратпаса да адал болады. Бір хайуан құдыққа яки, бір қиын жерде болып, бауыздауға қолы жетпей, яки бауыздауы табылмаса – қай жерінен болса да найза, яки балта сықылды бір нәрсеменен жара алғанда бисмил-лаһи Аллаһу акбару деп жара алса, сол жарадан өлерлік қылса ол мал адал болады. Бауыздаған адал малдың боқ-сідігі, бауыздау қаны, қамшысы, ені, сарыпайы менен көтен ауыз жатыры, өт, қуық, қара бездер – бұлардың бәрі арам болады. Жұлын, ми, тірі малдың ауызы, талақ – бұлар мәкүрік. Басты үйткенде езуін тіліп үйітіп, яки тісін қағып, тістің түбіндегі жынды тазалау керек және ішек-қарын, жұмыршақтарды қатты ескеріп тазалау керек. Қозыдан шыққан мәйек жуып алса адал.
Ұрлық еті не қылып бауыздаса да арам. Оның себебі: бисмил-лаһи Аллаһу акбару деп бауыздаса, арамға бисмлил-лаһи айтқан соң өзі кәпір болады. Мұсылманнан кәпір болғанның бауыздағаны арам. Егерде бисмил-лаһи айтпаса, онда да арам. Біреуге бауыздатса, арам малды адал деп бауыздатқан сықылды – онда да арам. Осы ұрлық малын бисмил-лаһи деп бауыздаса да кәпір болмайды деп – Ғақаиз кітабының шархына шарх жазған Рамазан әфенді деген кісі айтқан екен, оның сөзі нашар көрінеді, себебі – арамылығына арам ми айрихиге бисмил-лаһи айтқан кісі кәпір болмайды дейді. Арам китғийй лиайрихині мәкүрік есебіне кіргізген болады. Аятта арам деген нәрсені адал деген аятқа нанбаған болады. Бұл туралы бұл кітапшаға сиғыза алмаспыз. Хадми рахматул-лаһи «ғалайхиннің рисала бисмил-лаһи» деген кітабынан қараңыз, арам болады да, бисмил-лаһи айтқан кісі болады – уал-лаһу ағламу.
Шегіртке менен балықты бауыздамай-ақ жей береді. Буаз малдың ішінен шыққан баласы тірі шығып, бауыздалса, адал болады бисмил-лаһименен. Егер де өліп шықса, арам болады. Енесін бауыздаған баласына бауыздау болмайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар