Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызмет сапасына жете көңіл бөлеміз - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызмет сапасына жете көңіл бөлеміз

Біздің еліміз үшін қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың маңызды және басым бағыттарының бірі саналады. Мемлекет басшысы биылғы жылғы халыққа арнаған Жолдауында жемқорлықпен күресті тоғызыншы міндет ретінде атқарушы биліктің алдына қойған болатын.

Президент Жолдауында жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен тұрғындардың бірлесе әрекет етуі және азаматтардың шағымдарын уақытында, сапалы қарау жайына жете көңіл бөлінген. Мемлекеттік органдар осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізуде. Осы орайда, облыстық дін істері жөніндегі басқарма да жемқорлықпен күрес бағытында Елбасы белгілеген тапсырмаларды орындау жолындағы міндеттерге әрдайым баса назар аударып отырады. Біз өз жұмысымызда «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Жемқорлықпен күрес туралы» заңдарды басшылыққа аламыз. Сондай-ақ, 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясат тұғырнамасы шеңберінде жұмыс жасаймыз.
Биылғы жылдың басынан бері Мемлекет басшысының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі алға қойған міндеттерін түсіндіру мақсатында біраз шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Ақкөл ауданындағы Азат селосы мен Жарқайың ауданындағы Пятигорск селоларында және Көкшетау қаласындағы Науан хазірет мешітінде үш көшпелі шара өткіздік. Осы шаралар барысында жиналған жұртшылыққа жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралар мен әр адам білуі қажетті құқықтық міндеттер жайында жан-жақты айтылды.
Жемқорлықтың мемлекет үшін қауіпті болатын себебі – мемлекеттік органда істейтін адам өз қызметін жеке басы үшін пайдалана отырып, қарапайым жұртшылықтың мемлекетке деген сенімсіздігін туғызады. Бұл бағыттағы ең бір залалды нәрселердің бірі – мемлекеттік қызмет сапасының төмендеуі. Азаматтар күн сайын мемлекеттік органдарға келіп түрлі қызметтер алып жатады. Ол қызмет заңда белгіленген талапқа сай уақытында және сапалы көрсетілмесе, адамдардың сенімін азайтып қана қоймай, орынды реніштерін де туғызады. Бұның өзі әлеуметтік тұрақтылыққа кері әсерін тигізетін жағымсыз құбылыс.
Облыстық дін істері басқармасы үш мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді: ең алдымен, миссионерлік қызметпен айналысатын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу, дін тақырыбындағы әдебиеттер мен кітаптарды тарататын арнайы орындарды бекіту, діни шаралар мен құлшылықтарды өткізетін арнайы орындарды бекіту. Біз өз тарапымыздан көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы интернет-ресурстарда жан-жақты түсіндіріп, жұмысты барынша ашық жүргізуге күш саламыз.
Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындылары туралы мәжілістер өткізіліп, бұл мәселе ұдайы қатаң назарда ұсталады. Жауапты тұлғалардан қызмет сапасы мен белгіленген мерзімінің сақталуы талап етіліп, үнемі қадағалауда ұстаймыз.
Мәселен, жыл басынан бері миссионерлік қызметке байланысты 19 азаматтан өтініш түсіп, оның бәрі белгіленген мерзімде қаралды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына байланысты облыс әкімдігіне ай сайын есеп беріліп тұрады және жылына бір рет бақылау-тексеру шарасы өткізіледі. Осы күнге дейін бұл бағытта ешқандай заң бұзушылық болған жоқ.
Жемқорлыққа жол бермеу және оған қарсы күрес шараларын жақсарту бағытында жыл басынан бері басқарма мамандары облыстық және жергілікті БАҚ-та 13 мақала жариялап, 4 семинар өткізді. Өз ішімізде апта са-
йын өткізілетін жиындарда жемқорлықтың алдын алу мәселесіне үнемі назар аударылып тұрады. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында мамандардың заң шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетуіне қатысты мониторинг жүргізіледі. Осы аталған шаралардың бәрі басқарма ұжымы арасында жемқорлық сыйпаттағы заң бұзушылықтардың орын алмауына жағдай жасайтыны анық.

Болат ҚАСЕНОВ,
Ақмола облыстық дін істері басқармасының басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар