Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Награда иесін тапты - АРҚА АЖАРЫ

Награда иесін тапты

Көкшетау қаласынан онша алыс емес, Зеренді ауданына қарасты Игілік ауылы бар. Игілік –алты ауыл Қанай би ұрпағының бір ауылы. Игілікті жан-жағынан таулар, ағаштар қоршап тұр. Әрбір таудың Қойлық, Оразымбет, Қуыс, Діңгек, тағы да басқа аттары бар. Қуыс тауының орта кезінде адам сыйып, кеңінен жататындай қуыс үңгір бар. Біздің бала кезімізде осы үңгірде «Ұлы Отан соғысы кезінде соғыстан, әскерден қашып, Қабыкен атамыз тығылған-мыс» деп еститінбіз. Ол кісінің тапанша, маузер сияқты қарулары болған дейтін.

Менің есімде, біз Игілік ауылындағы сегізжылдық мектепте оқыған кезімізде (1961-1968 жж.) Қабыкен атамыз (шын аты-жөні Ахметов Қабдысалам) ауылдың жылқысын бағатын. Ол кісі көк көзді, зор денелі, түсі адам қорқатындай өте суық болатын. Көп сөйлемейтін. Өзі адамға бір қарағанда көзінің суықтығы адамның денесін суық ызғармен қарып жібергендей болатын.
Қабыкен атамыз Ұлы Отан соғысына қатысқан адам. Еліміз егемендік алып, бұрын құпия болған құжаттар ашылғаннан кейін, ата-бабаларымыз туралы тарихи деректерді іздеуге мүмкіншілік алдық. Осындай ізденіс кезінде Қабыкен атамыз туралы деректер де табылды.
2-ші Беларус майданы, 49 армиясының, 1945 жылғы 14 сәуіріндегі бұйрығы (құпия) бойынша бөлім командирі сержант Ахметов Қабыкен «За боевые заслуги» медалімен марапатталған екен. Ұлы Отан соғысының архивінен табылған құжатта төмендегіше көрсетілген: «ПРИКАЗ ВОЙСКАМ 49 АРМИИ 2-ГО БЕЛАРУССКОГО ФРОНТА
«О награждении личного состава». …награждаю: «МЕДАЛЬЮ ЗА БОЕВЫЕ ЗАСЛУГИ» – СЕРЖАНТА Ахметова Кабыкен – командира отделения 130 гужтранспортной роты. КОМАНДУЮЩИЙ ВОЙСКАМИ 49 АРМИИ ГЕНЕРАЛ-ПОЛКОВНИК (ГРИШИН), ЧЛЕН ВОЕННОГО СОВЕТА АРМИИ ГЕНЕРАЛ ЛЕЙТЕНАНТ (СЫЧЕВ) 12 апреля 1945г.» Наградный лист: Ахметов Кабыкен, звание – сержант, командир отделения. Имеет два ранения, в Красной Армии с октября 1937 года, призван Кокчетавским РВК Северо-Казахстанской обл…в качестве командира проявил себя одним из лучших командиров, выполнял честно, аккуратно, и добросовестно все приказы, дисцииплинирован,
к своим подчиненным требователен…31 март 1945г.».
Осылайша Ахметов Қабыкен атамыздың «дезертир» емес, соғысқа қатысып, ерлік көрсеткеніне көзіміз жетті. Осы тарихи деректер Игілік орта мектебіндегі Ұлы Отан соғысына қатысқан соғыс ардагерлерінің музейінде болса екен деген тілегіміз бар.
Қабыкен атамыздың баласы, немерелері, шөберелері қазірде Игілік ауылында, Астана, Көкшетау, Щучинск, Қарағанды және еліміздің басқа да қалаларында тұрып, абыройлы қызмет жасауда.

Қадырбек ҚИНАЯТҰЛЫ,
заңгер.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар